28 қазан 2015 | 12:32

Таразда өзін-өзі өртеген жігіт есірткіден мас болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сараптаманың мәліметі бойынша, Таразда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы Ерлан Бектібаев есірткіден мас болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сараптаманың мәліметі бойынша, Таразда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы Ерлан Бектібаев есірткіден мас болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінге дейін 22 қазанда Бектібаев ұсталып және жеке басын тiнту барысында одан есірткі зат - жалпы салмағы 285,9 грамм гашиш табылғаны анықталды. Медициналық куәландыру кезінде Бектібаевтың есірткіні тұтынуы дерегі анықталды. Осы дерек бойынша басталған тергеу шеңберінде Бектібаев өзі шақыртқан адвокаттың қатысуымен одан табылған есірткі затты сақтағаны жөнінде мойындау айғақтарын берген", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, оның кінәні мойындағанын, сондай-ақ тергеумен ынтымақтастыққа ниет білдіргенін ескере отырып, сол күні, яғни 22 қазанда күдікті тергеушіге келу туралы міндеттемемен үйіне жіберілгені хабарланып отыр. "Ұстау және жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығына бағаны Бектібаевты өзін-өзі өлтіруге дейiн жеткiзу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы жасалды делінген әрекеттері туралы болжамдарды тексеру шеңберінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы береді", - делінген хабарламада.

Бүгінде оқиға орнында Бектібаевпен бірге болған барлық адам, яғни оның таныстары мен туысқандары анықталып, айғақтар алыныпты. Алынған айғақтарға сәйкес, олар оқиға орнында қаза тапқанның өз өтініші бойынша болған және жәрдем көрсеткен, оларға Бектібаевтың тек аяғын өртеу ниеті туралы ғана белгілі болған. Акцияға қатысушылар бейне түсірілімге және өртті сөндіруге жауаптылардың рольдерін алдын ала бөлген.

Тергеуде қаза болғанның жеке басы туралы мәліметтер де зерделеніп жатыр. "Бектібаевтың Тараз қаласында колледждердің бірінің кәмелетке толмаған студентіне ауыр пышақ жарақаттарын салғаны, сондай-ақ Алматы қаласында бірқатар ұрлық жасағаны үшін 2015 жылғы маусымда қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны (4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған) анықталды. "Әкесі бар, анасы 2013 жылы қайтыс болған, Тараз қаласында туысқандарында тұрған, базарда жүк тасушы болып жұмыс істеген. Сараптама ол өзін-өзі өртеу кезінде есірткілік мастық күйде болғанын көрсетті", - делінген хабарламада.   

"Бұрын Бектібаев прокуратура органдарына полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағыммен жүгінбегенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасуда, кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауда", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, 20 жастағы жігіт 24 қазанда Тараздың орталық алаңында "Нұр Отан" партиясының филиалының ғимаратына жүгіріп, сағат шамамен 10.30-да өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Алған жарақатынан ер адам қалалық ауруханада көз жұмды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады. Бұдан кейін "Нұр Отан" партиясының өкілдері Тараздағы өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берген болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer