03 қараша 2015 | 13:31

Қазақстанның Ұлттық банкін басқарғандар қазір қайда жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі. © Владимир Дмитриев ҚР Ұлттық банкі. © Владимир Дмитриев

Экономист Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін кімнің қанша уақыт басқарғанын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кесте түріндегі мәліметтерді Құдайбергенов Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.


Экономист Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін кімнің қанша уақыт басқарғанын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кесте түріндегі мәліметтерді Құдайбергенов Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.

Сонымен, экономистің айтуынша, Ұлттық банктің төрағалығында ең көп уақыт болған Әнуар Сайденов - 5 жыл (1 мерзімде) және Григорий Марченко - 9 жыл (екі мерзім бойынша).


Олжас Құдайбергеновтың Facebook желісіндегі кестесі

Ұлттық банктің төрағасы қызметінде ең аз болған Қадыржан Дамитов (1 жыл және 8 ай). Қалғандары шамамен 2 жыл басқарыпты. 

Төрағалардың басым бөлігі қаңтар айында тағайыдалыпты. Қайрат Келімбетов төраға қызметінде 2 жыл 1 ай болды. 

БАҚ-тың мәліметінше, Ұлттық банктің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров қазіргі уақытта ҚР Парламент Мәжіліс Аппаратында ақпараттық-сараптамалық бөлімінде кеңесші қызметінде екен. Дәулет Сембаев "Казкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кіреді, Ораз Жандосов - "Қазпошта" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Дамир Қадыржанов 2014 жылдың ақпанына дейін "БТА Банк" АҚ басқармасының басшысы болды. Григорий Марченко Ұлттық банктен отбасылық жағдайына байланысты кетті. Оның жаңа жұмыс орны жайлы хабарланбай отыр. Әнуар Сайденов 2014 жылдың мамырында Алматы әуежайының тәуелсіз директоры болып тағайындалған болатын.   

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Парламентінің Сенаты жалпы отырыста Ұлттық банктің төрағасын тағайындау мәселесіне келісім беруді талқылады. Данияр Ақышев 1976 жылы туылған, Алматының тумасы. Экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Кей жылдары Орта Азия қаржы биржасында жетекші экономист болып қызмет еткен. Сонымен қатар, Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымда болды және сол департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Осыдан кейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде меңгеруші болып қызмет етті. Биыл тамыз айынан бастап Мемлекет басшысы көмекшісінің уақытша қызметін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети