06 қараша 2015 | 13:13

Алматыда қала сыртынан келетін жұмысшыларды арнайы көлік тасымалдауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматының маңындағы аудандарда тұратын адамдарды күнделікті жұмысына таситын қоғамдық көліктерді шығару жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек IX Азаматтық форумы барысында мәлімдеді.


Алматының маңындағы аудандарда тұратын адамдарды күнделікті жұмысына таситын қоғамдық көліктерді шығару жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек IX Азаматтық форумы барысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, бұл форум - жақында таныстырылған "Алматыны дамыту 2020" бағдарламасын талқылау үшін жақсы алаң. Таяуда Байбек блогерлердің пікірлерін тыңдады, олар қаладағы шешілмеген мәселелерге қатысты өз ескертулерін айтты. Форумда Алматы әкімі ең басты проблемаларды атады, олар алдағы бес жылда шешілуі тиіс.

Осылайша, бұл жоспарға қоғамдық көлік қозғалысын бақылау кірді, ол ереже бойынша сағат 22.00-ге дейін жүріп тұруы тиіс. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Алматы мен қала маңындағы аудандардың аралығына қатынайтын автобус маршруттарын енгізу жоспарланып отыр. "Күн сайын қалаға 250 мыңға жуық автокөлік кіреді, олардың көпшілігі қаланың сыртынан жұмыстарына келетіндер. Ол қаланың экологиялық жағдайына қосымша қысым келтіреді. Мәселені шешу үшін экологиялық таза қоғамдық көлікті қолдану керек", - деді Байбек.

Қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға арналған тағы бір шара автокөліктерді газбен жүруге көшіру болады. Бастапқы кезеңде 10 мың автокөлікке арналған газ баллонды құрылғысын орнату жоспарланған. "Бұл мақсатқа жету үшін біз екінші деңгейлі банктерді тартпақпыз, олар жеке кәсіпкерлерге көмектесетін болады. Нақтырақ айтқанда, арнайы ТЖО ашу үшін, олар қолжетімді бағаға сол құрылғыларды орната алады", - деді әкім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети