06 қараша 2015 | 16:37

Астанада оқушыны қағып кеткен жүкті әйелді прокурор 2,5 жылға соттауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада прокурор соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны қағып кеткен жүкті әйелге 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты биыл мамыр айында 12 жастағы Данияр Бұсұрмановтың қаза табуына қатысты істі қарап жатыр. Басты айыпталушы - 32 жастағы Айман Сәкенова.

Прокурор Бағлан Қаратаев соттан әйелді 2,5 жыл көлемінде бас бостандығынан айырып, жазаны қоныс колониясында өтеу туралы шешім шығару жөнінде ұсыныс айтты.

"Айман Сәкенованы ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімінде қарастылырған қылмыстық іс бойынша айыпты деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, қоныс колониясында жазасын өтеу туралы шешім шығаруды ұсынамын. Автокөлікті басқару куәлігінен 5 жылға айырып, жәбірленуші тарап талап еткен шығынды толық көлемде өтеуікерек", - деді прокурор судьяға.

Еске сала кетейік, 25 мамырда сағат 12.00 шамасында Астанада соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны көлік қағып кеткені хабарланған болатын. Иманов көшесі бойымен Петров көшесіне бағыт алған Toyota Land Cruiser Қажымұқан көшесімен қиылыста оңға бұрылып жатып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелде кәмелет жасына толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Жәбірленуші тарап 2 миллион 883 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 15 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап еткен болатын. Айыпталушы бұл талаппен келісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети