06 қараша 2015 | 17:49

Доллар бір тәулікте 11 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 6 қарашасында KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 310,85 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақша айырбастау орындары долларды 312 теңгеден сатып жатыр. Айта кетейік, 5 қарашада кешкі сессияда доллар бағамы 299,43 теңге болған еді. 

Алғашқы келісім 310 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға 311 теңге болды. Сауда көлемі 7,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтынвалюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Сарапшылардың пікірінше, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банкі басшысының ауысуымен байланысты. 2 қарашада Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, оның орнына Данияр Ақышев келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети