10 қараша 2015 | 12:40

Қазақстан премьер-министрі автоүйімен сапарға шыққан депутаттың сауалына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мәжілісмен Мейрам Бегентаев. © Facebook Мәжілісмен Мейрам Бегентаев. © Facebook

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов еліміздегі жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жағдайына қатысты сауал жазған депутатқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов еліміздегі жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жағдайына қатысты сауал жазған депутатқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл сауалды Мәжілістің кеңейтілген отырысы барысында депутат Мейрам Бегентаев оқып берді, ол автоүйімен Қазақстанды аралап шыққан болатын. Кейін ол жолдардың сапасы мен жағдайдың жоқ екені туралы ойын бөлісті. Сауалда санитарлық-тұрмыстық жағдайы жасалмаған бірқатар нысан аталды.


© Мейрам Бегентаев / Facebook

Премьер-министрдің жауабында жол бойындағы қызмет көрсететін нысандар құрылысының ҚР ұлттық стандарттарына сәйкес жүргізілетіні айтылған. "Осыған байланысты жол бойындағы қызмет көрсететін жаңа нысандардың құрылысы барысында жергілікті атқарушы органдар мен "ҚазАвтоЖол" АҚ автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор (бұдан әрі - ЖАО, Ұлттық оператор) Ұлттық стандарттың сақталуына бақылау жүргізеді. Қазір бар жол бойындағы қызмет көрсететін нысандар бойынша оларды Ұлттық стандартқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта.

Сонымен қатар, жауапта жол-көліктік инфрақұрылымын дамытуға қатысты заң жобасының жасалып жатқаны және оған сәйкес Ұлттық оператордың жол бойындағы қызмет көрсететін нысандарды бақылау және дамыту бойынша бірыңғай оператор болатыны айтылған. Қазіргі таңда бұл саланы дамытудың бағдарламасы жасалып жатыр, оны жылдың соңына дейін бекіту жоспарланған.

"Жол бойындағы қызмет көрсететін нысандарды дамыту мен олардың құрылысын жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Инвестицияны ынталандыру мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынан демалысқа арналған алаңдарды бөліп беру және қажет болған жағдайда кірме жолдарды салу жоспарланып отыр. Жалпы айтқанда, жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жағдайы мен қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғаса береді", - деп жауап берді үкімет басшысы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer