13 қараша 2015 | 12:56

Атыраулық жігіт Францияда өз арманына қол жеткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Бахтияр Шәріповтің жеке мұрағатынан алынған. © azh.kz Сурет Бахтияр Шәріповтің жеке мұрағатынан алынған. © azh.kz

Атыраулық Бахтияр Шәріповтің оқиғасы "Рататуй" мультфильмінің сюжетін еске салады. Жігіт аспаздыққа деген махаббатының арқасында Франциядан бірақ шықты, ол бір ай бойы атақты бас аспазшылардан тәлім алды. Қазақстандық жас аспаздың сұхбатын "Ақ Жайық" басылымы жариялады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атыраулық Бахтияр Шәріповтің оқиғасы "Рататуй" мультфильмінің сюжетін еске салады. Жігіт аспаздыққа деген махаббатының арқасында Франциядан бірақ шықты, ол бір ай бойы атақты бас аспазшылардан тәлім алды. Қазақстандық жас аспаздың сұхбатын "Ақ Жайық" басылымы жариялады.

Бахтиярдың айтуынша, тамақ әзірлеуге деген қызығушылық балалық шақта пайда болған. Ол сәби кезінен ас үйде анасының жанында үнемі жүріпті. Мектепті бітірген соң ол Алматыдағы кәсіби-техникалық колледжге түсті және аспаз болып шықты. Оның Атырауда тұрып, жұмыс істеп жатқанына біраз уақыт болған, отбасын да сол өңірде құрыпты, ал аспаздыққа деген құштарлығы сол қалпында сақталған.

"Мен әлемдік аспаздықтың астанасы Парижге баруды әрдайым армандадым. Қазіргі таңда қолымнан келетіні әрдайым аз болып көрінетін. Арманым күтпеген жерден орындалды. Интернеттен қызықты рецепт іздеп отырып, "АкадемПарк" Француз гастрономиялық өнер академиясы "мотивациялық хаттар" байқауын өткізетіні туралы жаңалықты көріп қалдым. Байқау әлемдік болғандықтан, мүмкіндік те аз еді - өзіңіз ойлап қараңыз, көпжұлдызды мейрамханада тәжірибе алғысы келетін аспаздар қаншама? Бұл мәртебе ғана емес, керемет тәжірибе ғой! Сондықтан хатты жазып отырып, оған бар жанымды салдым", - деді Бахтияр.

Ақыры байқауды ұйымдастырушылар көптеген хаттың ішінен қазақстандықтың жазғанына назар аударды. "АкадемПарк" президенті, аспаздық шеберлік бойынша әлем чемпионы месье Филипп Парк Бахтиярмен бетпе-бет кездесуді ұйғарды. Осылайша, атыраулық жігіт Авиньон қаласындағы мейрамхананың асханасында болған тұңғыш қазақстандық атанды.


Сурет Бахтияр Шәріповтің жеке мұрағатынан алынған. © azh.kz

"Француздарда барлығы өзгеше: аспаздар тамақ әзірлеуге басқаша көзқараспен қарайды. Біздің аспаздардың шеберлігін, тамақтарын кемсіткенім емес, бірақ ол жақта тамақтануға салт сияқты қарайды, ал адамдар тамақ мәселесіне қызығушылық танытады. Мен үшін ол ашықтық болып көрінді", - деді ол.

Қазақстанның дәмханалары мен мейрамханаларының жұмысын Франциядағымен салыстырған Бахтияр, біздің аспаздар таңертең сағат 11.00-де келіп, соңғы келуші кеткенге дейін жұмыс істесе, ол жақта аспаздардың таңғы ас ішетіндер үшін таңғы сағат 8.00-де жұмыстарына баратындарын айтты. Түскі астан кейін мейрамханалар кешке дейін жабылады. Ол жабық тұрғанда кешке келетін қонақтарға тамақ әзірленеді.

"Бас аспаз ереже бойынша, тамақ әзірлемейді. Ол кеш бойы қонақтармен отырады, егер ерекше, эксклюзивті ас әзірленетін болса ғана ол ас үйге келеді", - деді Бахтияр.

Оның айтуынша, француздардың ас үйінде тұздықтарға ерекше мән беріледі: "О, бұл бір жатқан өнер. Дәмдеуіштер де. Француз аспаздары дәмдеуіштерді Прованстан алдырады: хош иісті, ащы, өткір, ерекше, тәтті, ашты. Тек жүйектерден болуы мүмкін. Олардың хош иісіне батып, барлығын ұмытып, өліп, тірілуге болады. Бірінші күннен-ақ қаншама жаңа дүниені білдім!", - деді аспаз.

Бахтияр Францияда өткізген бір айының өміріндегі ең мазмұнды сәт болғанын мойындады: "Ең бастысы, менің тамаққа деген көзқарасым өзгерді: біріншіден - көзбен ұғыну, одан кейін дәм және тамақтанудан ләззат алу. Қатты тойып жеуге болмайды, бастысы - тәрелкедегі астың көлемі емес, дәмі ... Тағы не? Арманым орындалады деген үмітті ешқашан жоғалтпау керек. Сонда ғана міндетті түрде орындалады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer