13 қараша 2015 | 14:13

Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі ерлерден гөрі әйелдер көп

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© subscribe.ru © subscribe.ru

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын әйелдер құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда өткен "100 нақты қадам - Ұлттық реформалар жоспары" мәслихатында мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын әйелдер құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда өткен "100 нақты қадам - Ұлттық реформалар жоспары" мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жұмыстың сапасы болып табылмайды. "Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсеткіш анализі әйелдердің мансап сатысымен жоғарылауының тең жүрмейтінін көрсетті. Саяси қызметтегі әйелдердің үлесі 9 пайызға тең, "А" корпусында - 14 пайыз, ал "Б" корпусында - 55 пайыз. Осыған байланысты біздің алдымызда әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне дейін алға бастыру міндеті тұр", - деп мәлімдеді Әбдіқалықова.

Ол сонымен қатар, бес институционалдық реформа бойынша шараларды сапалы жүзеге асырудың Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіргізуге жол беретінін айтты. Сондай-ақ, Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік хатшысының позициясымен келісті. Ол әйелдердің еліміздегі бизнес пен саяси саладағы маңызын атап өтті.

"Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, 30 елдің қатарына енген елдерде әйелдердің ролі жоғары. Бүкіл әлемдегі халықтың басым бөлігі - әйелдер. Біз тіпті Шығыс елдерінде әйелдердің ролі туралы мәселенің қайта байыпталғанын көріп отырмыз. Оларда қолдау бар, бизнесте, экономикада және өзге салаларда алға басып келеді. Бұл елдерде расымен де өркендеушілік бар. Олар әйелдердің қоғамның мықты әрі нәтижелі бөлігі екенін түсінді", - деді Байбек.

Айта кетейік, Қазақстанда бір мемлекеттік қызметкерге 170-ке жуық азаматтан келеді. Мәліметтер бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықпен салыстырмалы талдауы Қазақстанда 1,1 пайызға тең екенін көрсетті. Сонымен қатар, бір мемлекеттік қызметкерге 171,6 азаматтан келетіні белгілі болды. 2015 жылдың 1 қаңтар күнгі жағдай бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 99 318-ге тең. Ал мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы - 39. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer