Парижде болған бірнеше теракт салдарынан 140 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде болған бірнеше теракт салдарынан 140 адам қаза тапты © EPA

13 қараша күні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қараша күні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін "Батаклан" театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Парижде болған террорлық актілердің салдарынан 140 адам қаза тапты: 100 адам "Батаклан" театрында қаза тапса, 40 адам қаладағы басқа террорлық актілер кезінде қаза болған. Сонымен қатар, 132 адамның жараланғаны хабарланды.

РИА Новости Франция президенті Франсуа Олланд елде лаңкестік әрекет жасаған 5 лаңкестің де көзі жойылғанын растағанын хабарлады. Екі терроршының өздерін концерт залында жарып жібергендері анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети