Баварияның Розенхайм қаласының полициясы Парижде террорлық актілер жасаған лаңкестердің сыбайласы делінген ер адамды ұстады. Бұл туралы "Коммерсант" басылымы Вayerischer Rundfunk радиостанциясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ұсталған адамның көлігінен тапаншалар, автоматтар, оқ-дәрілер мен бірнеше келі тротил табылды. Айта кетейік, Ангела Меркель Франция билігіне террорлық актіні тергеуде көмек ұсынды.
Еске сала кетейік, Парижде 14 қарашаға қараған түні бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын.