Астана әкімдігі бірқатар басқарманы қайта құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі бірқатар басқарманы қайта құрды © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі бірқатар басқарманы қайта құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі бірқатар басқарманы қайта құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков аппарат отырысы барысында елорданы басқарудың жаңа үлгісін бекіткенін жеткізді. Бірқатар мемлекеттік мекемелер атқаратын қызметтерін бөлу және қосу арқылы қайта құрылды. Әкімдікке қарасты бөлімшелер құрылымы 30-ға дейін қысқартылды (бұрын 32 болған). 

Атап айтқанда, Жер қатынастары басқармасы жер инспекциясымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - еңбек инспекциясымен біріктірілді. Коммуналдық мүлік бойынша функциялар Мемлекеттік сатып алулар басқармасына берілді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы екіге бөлініп, бірі жол салумен, ал екіншісі көлік ағындарын реттеумен айналысатын болды.

"Астана - жаңа қала" АЭА басқармасы негізінде Инвестиция және даму басқармасы құрылды. Оған туризм саласындағы функциялар қоса берілді. 

"Жаңа басқармаларға негізінен бұрынғы басшылар қайта тағайындалды. Жаңадан құрылған Жолаушылар көлігі басқармасын Сүлейменов Еділ басқарады. Ол бұрын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған болатын", - делінген хабарламада.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети