Өскеменде жалаңаш серуендеген жігіт 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды YK-News.kz. Оның бұл қылығы бұзақылық деп танылды.
Өскеменде жалаңаш серуендеген жігіт 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды YK-News.kz. Оның бұл қылығы бұзақылық деп танылды.
Айыпталушының айтуынша, оқиға қоғамдық резонансқа айналғандықтан ол 15 тәулікке қамалған. Сот шешімі 17 қарашада заңды күшіне енді. Жігіттің айтуынша, ол бәс тігіп, қалада жалаңаш серуендеуге мәжбүр болған. Сол үшін бәтеңке ұтып алыпты. Оның айтуынша, сол жаңа аяқ киімді киіп ол сотқа барған. Оның достары жаңа бәтеңкені 13 мың теңгеге сатып алған көрінеді.
Жігіт ұтып алған бәтеңкесін киіп тұр.
Еске сала кетейік, Өскеменде тыр жалаңаш жігіт тапа-тал түсте серуен құрды. Ол Әуезов даңғылының бойында тырдай жалаңаш күйде өткен-кеткендерге қарап, күліп жүрген. Видеоға түсіріп жатқандарға күле қарап, өз әрекетіне тіпті де ұялмайтынын көрсетеді.