18 қараша 2015 | 13:12

Қазақстанның ұлттық компанияларында қысқартулар мен біріктірулер болуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ұлттық компанияларында қысқартулар мен біріктірулер болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Ақордада Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Ұлттық компанияларында қысқартулар мен біріктірулер болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Ақордада Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев баяндама барысында ірі активтерді кең ауқымды жекешелендіру жарияланғанын хабарлады.

"Мысалы ҚМГ 206 компанияны 75 ету туралы шешім қабылдады. Мұнай өндіретін зауытты қосқанда "Өңдеу және маркетинг" бағыты түгелдей және құю желілерінің 51 пайызын сату жолымен "Қазмұнайгаз - өңдеу және маркетинг" АҚ болады. Сонымен қатар, KMG International N.V.-ның ең кемі 51 пайызын сатылымға қоюды ұсынамын", - деді Шөкеев.

"Мен "Қазтрансгаз" және "Қазтрансойл" компанияларын болашақта біріктіріп, басқа салалардағы шығындар бөлек есептелуі және тасымалдау тарифі төмендеп кетпеуі үшін газ сатудағы мәселелерге бөлек компания көңіл бөлу керек деп есептеймін", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Ол сонымен қатар, мұндай жұмыстар басқа да ірі компнаияларда жүргізілетінін айтты. "ҚТЖ үшін бөлек бағдарлама дайындалды, осы арқылы компаияларды үш есеге қысқарта аламыз, яғни 102 компания 32 болады. "Локоматив" АҚ мен "Қазтеміртрансты" да біріктіруді ұсынамын - локомативтермен бірге жүк көліктерінің 75 пйызын сатып, тек бұғаттайтын пакет қалдыру керек. ҚТЖ жолаушылар тасымалынан да тек бұғаттаушы пакетті қалдыру керек. ҚТЖ 100 пайыз тек магистральді инфрақұрылымда және жаңа логистикалық ативтерде қалады. "Қазатомөнеркәсіп" те осындай шара қолданып, 82 компанияны 38-ге дейін қысқарту керек. "Қазатомөнеркәсіпте" тек бейінді кәсіпкерлік пен ядролық жылу цикліне қатысты жобалар қалады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer