18 қараша 2015 | 18:12

Славян қыз қазақтың келіні болудың қандай екенін айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© comode.kz © comode.kz

Кез келген қазақ қыз келін өзін қалай ұстауы керегін бала кезден біледі. Ал қазақтың келіні атанған өзге ұлттың қыздары өздерін қалай сезінеді? Қазіргі таңда түрлі ұлт өкілдерінен құрылған отбасылар жетерлік! Comode.kz авторы Яна Кәрімова таяуда келін атанып, осыған байланысты бірқатар ой түйіп үлгерді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кез келген қазақ қыз келін өзін қалай ұстауы керегін бала кезден біледі. Ал қазақтың келіні атанған өзге ұлттың қыздары өздерін қалай сезінеді? Қазіргі таңда түрлі ұлт өкілдерінен құрылған отбасылар жетерлік! Comode.kz авторы Яна Кәрімова таяуда келін атанып, осыған байланысты бірқатар ой түйіп үлгерді.

Менің тегімді естіген адамдар менің белорус-украин түріме қарап, азиялық келбетті іздеп барып, ақырын сұрайды: "Кешіріңіз, жолдасыңыз қазақ емес пе? Мен: нағыз қазақ, деп жауап беремін. Жолдасымның өзі де: "Мен таза қазақпын. Таңертең жуынатын бөлмеде болдым, деп қалжыңдағанды жақсы көреді", - дейді Яна Кәрімова. Жолдасым мен тегіме қатысты сұрақтарын жаудырғаннан кейін: "Келіннің ролімен өмір сүрген қалай екен? Қиын шығар иә?", деп сұрайды. 

Шындықты білгілеріңіз келе ме? Мен естігендей емес... қарапайым. Біз үйленгенге дейін келіндердің өмірі туралы естігендерімнің барлығы қорқынышты әңгіме немесе аңыз болып көрінетін. Солардың кейбірін бөлісейін.

1-аңыз. Борщ, сау бол! Сәлеметсің бе, бесбармақ!

Менің айналамдағылар бесбармақ туралы әртүрлі сұрақ қояды. Олардың кейбірі оны әзірлей аласың ба деп сұрайды. Өзгелері: "Бесбармақты күнде жейсің бе?", дейді. Маған қызығы мынау: ондай таптаурын ой қайдан келген? Егер мен қазаққа тұрмысқа шықсам неліктен күнделікті ұлттық тағамды жеуім керек? Құдды бір итальяндықтар таңғы асқа да, түскі асқа да, кешкі асқа да спагетти, ал немістер - сосиска, орыстар блины жейтін сияқты. Тіпті жегің келген күннің өзінде бесбармақты күнде жеу мүмкін емес. Біріншіден, еттің қазіргі бағасын ескерер болсақ ол тағам қалтаға да салмақ салады. Екіншіден, ондай тағамдардан кейін сүйікті киімдеріңді кию мүмкін болмай қалады. Ең бастысы: менің жолым болды, жолдасым тамақ талғамайды. Ол менің өзгеше, жаңа тағамдарды жасап, оны таңғалдырғанымды жақсы көреді. Сондықтан біздің дастарханнан қазақтың бесбармағын, белорус дранигін, итальяндықтардың лазаньясын, өзбектердің самсасын және тағы да басқаларды көруге болады. Жалғыз нюанс: менің бесбармағым енемдікіне жетпейді, бірақ уақыт өте келе тәжірибе барлығын түзетеді деп үміттенемін.

Кеңес: Бесбармақ - борщ сияқты: оны әр әйел өзінше дәмді етіп дайындайды. Сондықтан болашақ келіндерге оны дайындау құпияларын әжелері мен құрбыларынан сұрап алуға кеңес беремін, ал содан кейін олардың барлығын біріктіру қажет. Осылайша өзіңіздің ерекше рецептіңізге қол жеткізесіз.

2-аңыз. "Турбокеліншек" тәртібі тәулігіне 24 сағат

Мен тұрмысқа шығар кезде келіннің үйдегі міндеттері туралы түрлі қорқынышты әңгімелер айтылып, біреулер қорқытқан болатын. Білесіз бе, "Келін таңғы бесте тұрып, ауланы сыпыруы керек", "Келін кір жуып, ыдыс жуып, әрқайсысының артынан жинап жүруі керек", "Келін үйдің іші жарқырап тұрмайынша отыруға құқылы емес" дегендер бар. Құдды бір Золушканың тарихы сияқты. Міне қызық, сонда біздің қазақстандық әдемі келіндеріміз осы істің барлығын тәулік бойы істейтін болса оларлың түрлері қандай болатын еді? Кір жуатын машиналар, шаңсорғыш, мультиварка және өзге де ақылды техникалар жасасын - азаптанбайсың, кейде тіпті ләззат аласың. Ал біздің аналарымыз, әжелеріміз ондаған жөргекті қолмен жуып, нан пісіріп, киім тігіп, тоқыған, қиын болған деген сол. Тұрмыстағы таныстарымның барлығы жұмыс пен үйді қатар алып жүр, олар тіпті дүкен аралауға да уақыт табады, фитнеске, сән салондарына барады. Оларды ешкім жаман келін деп жатқан жоқ. Мен де солар сияқты болғым келеді.

Кеңес: Үй жұмысындағы дүниенің барлығы қарапайым (жасыңыз нешеде, жолдасыңыз кім, ол маңызды емес): барлығына үлгергіңіз келе ме? Жұмысыңызды алдын ала жоспарлаңыз және оларды уақытында орындаңыз. Бақытқа қол жеткізесіз.

3-аңыз. "Келін шай" - ол нағыз өнер

Бұл әрине, аңыз емес. Қазақша шайды дұрыс демдей білу өте қиын. Ол нағыз салт, керек десеңіз жатқан бір ғылым. Әзірше оған көп күш салып жүрмін. Менің ойымша мұның барлығы қазақ қыздарына аналарының сүті арқылы беріледі. Олар шайды қандай мөлшерде құю керегін, ол қызыл болып қалуы үшін қаншалықты сүт құю керегін әрдайым біледі. Мысалы мен шәйнекке екі рет жүгірмеу үшін бала кезден шайды саптыаяғыма толтыра құйып үйренгенмін. Сонымен қатар, бір ішкенде бір саптыаяқтан артық шай іше алмайтынмын. Ал қазір мен ішетін шайды саптыаяқпен емес литрмен өлшеуге болады.

Кеңес: Құрбыларымның бірі шай демдеуге қатысты өз құпиясын бөлісті: сүттің майлылығы неғұрлым жоғары болғаны жақсы және оны шайға қоспас бұрын қыздырып алу керек. Түртіп алыңыз!

 

4-аңыз. Аяқасты және үнемі келетін туыстар

Шын айтасыз ба? Жолдасым екеуміз туыстарымыздан жырақ, өзге қалада тұрамыз. Олармен жылына екі рет кездесеміз. Аяқасты қонаққа келе қалатын туыстар нағыз біз - жолдасым екеуміз. Аңыздың өзі керісінше болып кеткен сияқты. Шынымды айтсам, туыстарымның көбейгеніне қатты қуаныштымын. Шалынатын қоңырау да, бас қосуға сылтау да көп. Айтпақшы: бізде 200 адамға арналған үйлену тойы болған жоқ, біз неке қиюмен шектелдік. Ол үшін өкінбейміз де.

Кеңес: Жаңа түскен келінге жолдасының туыстарын еске сақтап алу артық болмайды: жеңге, құдалар, нағашылар және тағысын тағы. Ыңғайсыз жағдайға тап болмау үшін қажетті ұғымның барлығын жаттап алуға кеңес беремін.

 

5-аңыз. Дәстүрді білмейсің бе? Келін болмайсың!

Келін атану қиын емес: сүйіктіміз екеуміз АХАЖ-ға өтініш жаздық - бір айдан кейін заңды келінсің. Ал жолдасыңның үйіндегілер ұстанатын дәстүрді білмеу деген, ұят. Жолдасыңның да сенің отбасың ұстанатын дәстүрлерін білмеуі ұят. Менің ойымша жолдасыма қарағанда менің жолым болды: қазақтардың ең негізгі тұсау кесу, қыз ұзату сынды дәстүрлерін мен мектеп кезден білемін. Ал жолдасым менің отбасымдағы дәстүрлермен енді ғана танысып жатыр.

Кеңес: Түрлі ұлт өкілдерінен құрылған отбасы мүшелеріне дәстүр мәселесін алдын ала талқылап алуға кеңес беремін, себебі кейін келіспеушілік болмас үшін оларды ұстануға тура келеді. Сондай өзге жұптардың тәжірибесіне назар салған да жақсы.

 

6-аңыз. Тіл - бәрінен жоғары

Олай демес едім. Бәрінен жоғары - жақсы тәрбие, жаңа туыстарға деген құрмет пен жолдасыңның махаббаты. Ал тіл - ол қосымша функция. Менің қазақ тілін білу деңгейім өкінішке қарай төмен, түсінемін бірақ сөйлей алмаймын. Дегенмен үйренуге тырысып жүрмін.

Кеңес: Бастапқыда тым болмаса күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді жаттап алыңыз. Көресіз: жаңа туыстар оған баға беріп қана қоймай, тілді үйренуге қуана көмектесетін болады.

 

7-аңыз. Үйлену тойынан кейін жолдасы тарапынан келінді бақылау, күйзеліс, зорлық-зомбылық күтіп тұрады

Мен келіндерден мұндайды да естігенмін. Бірақ мұндай әңгімелердің қайдан шығатыны түсініксіз. Әрине, түсінемін өмірде түрлі жайт болады, әйелдер пасық әрі озбыр ер адамдарға жолығады. Тек олар: а) үйлену тойына дейін олардың мұндай қылықтарын байқағылары келмейді; б) тек қазақтың келіндері мұндайға тап болмайды. Менің жағдайымда АХАЖ-дан кейін жолдасымның бойынан еш өзгешелік байқаған жоқпын. Бірақ жауапты бола бастаған сияқты. Сондықтан бұл аңыздардың аңызы дер едім.

Әрине, бұл мақала - ғылыми жұмыс немесе іске асыру үшін жазылған дүние емес, бар болғаны жеке басымның бақылауы. Отбасындағы қарым-қатынас әркімде әртүрлі. Дегенмен келіндердің өмірі жайлы кезекті рет қорқынышты әңгіме естісеңіз, жақсылап ойланыңыз: бұл асыра сілтеу емес пе?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer