Тараз полициясы анасының баласына зәбір көрсеткені бейнеленген видеоны тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тараз полициясы анасының баласына зәбір көрсеткені бейнеленген видеоны тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпараттық порталдың редакциясына WhatsApp мессенджері арқылы видеожазба жіберілді. Видеоны жіберушінің айтуынша, бейнежазба Тараздағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Онда тоғыз-он жастағы баланың анасынан өзімен бірге ауруханаға баруын жылап тұрып сұрап жатқанын көруге болады. Оның сол қолына бірдеңе болғаны анық. Ал әйел өзіне ие бола алмай, баласына айғайлап, жұдырық көрсетіп жатыр. Бұл оқиға бес жас шамасындағы қыз баланың көзінше болды. Ол болған жағдайға еш әрекет танытпады. Бөлмеде ер адам да болды, ол баланы Ілияс деп атап шақырды. Видеодан кереуетте жатқан тағы бір адамды байқауға болады.
Ескерту, видеода былапыт сөздер айтылған.
Видеоны Жамбыл облыстық ІІД тексерді. ІІД баспасөз қызметі видеоны биыл 15 қарашада жедел жәрдем қызметкерлері түсіргенін хабарлады. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды.
Полиция бейнежазба түсірілгеннен кейін балаға медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Баланың кереуеттен секірген кезде қолын сындырып алғаны белгілі болды.
Бейнежазбамен Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ювенал полиция бөлімшесі қызметкерлерінің де танысқаны анықталды.
"Он жастағы баланың анасымен әңгімелескеннен кейін ол Жамбыл облыстық наркодиспансерде тексерілді. Дегенмен сараптама оның мас емес екенін анықтады. Сондықтан да оның кәмелеттік жасқа толмаған балаларын бейімдеу орталығына жіберу мүмкін болмады. Балалар анасына қайтарылды. Азаматтарды нашар отбасылардың тізіміне тіркеу үшін материалдар жинақталды. Бұған дейін отбасы тізімде тұрмаған", - деп жазылған Жамбыл облысы ІІД жауабында.
Сонымен қатар, материалдардың баланың анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін Тараз әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберілетіні анықталды.
"2015 жылдың 17 қарашасында көршілерінің шақыртуымен учаскелік полиция инспекторы азаматшаның үстінен ҚР ӘҚБтК 333-бабы - "Тыныштықты бұзу" бойынша әкімшілік һаттама толтырылды".