23 қараша 2015 | 12:19

Шымкентте жол апатынан төрт адам қаза тапты, арасында балалар бар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
YouTube видеоролигінен алынған кадр YouTube видеоролигінен алынған кадр

Кесірінен төрт адам қаза тапқан "Лексус" көлігінің жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кесірінен төрт адам қаза тапқан "Лексус" көлігінің жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың хабарлауынша, жол апаты 22 қарашада Байтұрсынов көшесінде болған. "Лексус" автокөлігінің 1991 жылғы жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан ол "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан "Ауди" жүргізушісі, 1963 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға барар жолда екі бала көз жұмды, олар 2010, 2014 жылы туылғандар, олар да көліктің салонында болған. Сонымен қатар, қалалық ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде "Ауди" автокөлігінің тағы бір жолаушысы есін жимастан көз жұмды, ол 1987 жылы туылған", - деді ол.

Автокөліктер соқтығысқаннан кейін оқиға орнына қайтыс болғандардың туыстары келді. Олар полицейлерден жол апатына кінәлі адамды көрсетуді талап етті. Полицейлер кінәлі адамды олар өздері жазаламасын деп, оны арнайы көлікке қамады. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Салтанат Қарагөзова демалыс күндері тағы бір жол апатының болғанын және оның салдарынан төрт адамның көз жұмғанын хабарлады. 24 жастағы жүргізуші Алматы - Ташкент тас жолында бетон қоршауға соғылған. Соның салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалды, сол арқылы оқиғаның себебі анықталатын болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer