23 қараша 2015 | 14:33

ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының жұмысы жайлы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының жұмысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының жұмысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде заманауи ғылыми-техникалық ақпарат орталығы іске қосылған. Мұндағы бес спутниктік қабылдағыштың арқасында әскери қызметшілер күн сайын әлемнің 1000-нан аса арнасынан қажетті ғылыми-техникалық мәліметтерді ала алады. Орталықтың әртүрлі спутниктерден 20 спутниктік арнаны бір уақытта қабылдау және тамашалау, автоматты және қолмен режімге келтіруде 10 арнадан бір уақытта жазу мүмкіндіктері бар.

Бұл ретте ҰҚУ Ғылыми-зерттеу институты ғылыми-экспериментальді бөлімінің аға офицері лейтенант Дәурен Қасеновтің айтуынша, деректер сақтағышының көлемі 1 нетабайтты құрайды, бұл дегеніміз 1 000 000-нан аса гигабайт. Мамандардың есептеуі бойынша мұндай қормен ақпаратты жазып алуды шамамен 10 жыл жүргізуге болады.

Орталықтың өзі берілген өлшемдер бойынша телевидение, радио арналар бойынша көрсетілетін Ғаламтор желісінде аудио, бейне және фотомәліметтерді автоматты түрде іздеу және ұстап алу жүйесінен тұрады. Ол ғылыми-техникалық ақпараттың ресурстарын құру және онымен әскери ғылымдарды, құрылымдық бөлімшелердің мамандарын, жоғары оқу орнының докторанттары мен магистранттарын қамтамасыз ету үшін қуатты құрал болып табылады. Сонымен бірге, Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысы үшін ақпарат көзі.

Заманауи ақпарат ғасырында ұдайы, ал бастысы ақпаратқа кең түрде қол жеткізу қажеттілігі бірінші орынға шыққанда мұндай орталықтар мен зертханалар ерекше өзекті болып отыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer