23 қараша 2015 | 17:05

Гуанчжоуда жол апатына түскен қазақстандық студенттің мопед жүргізуге куәлігі болмаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Mandarin © Mandarin

Алдын ала мәлімет бойынша, Гуанчжоуда жол апатына түскен қазақстандық студент Ерлан Амангелдінің мопед жүргізуге куәлігі болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Осыған байланысты оның медициналық сақтандыруы төленбеуі мүмкін.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алдын ала мәлімет бойынша, Гуанчжоуда жол апатына түскен қазақстандық студент Ерлан Амангелдінің мопед жүргізуге куәлігі болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Осыған байланысты оның медициналық сақтандыруы төленбеуі мүмкін.

Еске салайық, оқиға 22 қарашада болған еді. "Біздің азаматымыз, Оңтүстік Қытай Технологиялық университетінің студенті 1994 жылғы Ерлан Амангелді жол-көлік оқиғасынан кейін жергілікті аурухаға бассүйек ми жарақатымен жеткізілді. Оған шұғыл операция жасалды. Қазіргі уақытта ол ес-түссіз жатыр. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жігіттің туыстарымен және достарымен байланысып жатыр. ҚР СІМ өз тарапынан осындай жағдайлағы бардық консулдық-құқықтық көмекті беруге дайын", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

"Сақтандыруды рәсімдеуге студенттер оқитын университет қолғабыс етеді. Біздің мәліметімізше, осы жағдайда, алдын ала мәлімет бойынша, оның сақтандыруы қаражат өтеп бермейді, себебі біздің студентіміз мопедті жүргізу куәлігінсіз басқарған", - деп хабарлады СІМ-дегілер. 

Еске салайық, студенттің достарының Mandarin сайтында жариялаған мәліметінде жол апатының 22 қарашада Гуанчжоу қаласында болғаны айтылады. Оңтүстік Қытай Технологиялық университетінің студенттері мопед жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалып, жолдың жигіне соғысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін Ерлан Амангелдіұлы есінен танып қалған. Онымен бірге кетіп бара жатқан студент қыз Наргиза да жарақат алған. Олардың соңынан жүріп келе жатқан тағы екі студент бірінші медициналық көмек көрсеткен. Жол апатының куәгерлерінің бірі қазақстандықтарды ауруханаға жеткізді. Операцияның құны, емі және кейінгі күтімі Ерлан Амангелдіұлына 200 мың юань (30 мың доллар) тұрады, күн сайынғы шығыны - 5000 юань. Зардап шеккен студенттердің достары көмек сұрайды.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer