24 қараша 2015 | 17:15

Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін дайындау мектебі ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 24.kz © 24.kz

Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін дайындау да жеке мамандыққа айналды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін дайындау да жеке мамандыққа айналды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, осындай мектеп ашылып, оны аяқтағандарға арнайы куәлік беріледі әрі тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінге дейін дәл осылай жүзден астам өрімдей жас осы мектептің түлегі атанған. Шағын шеберхана, қызу қарбалас және ұлттық киімдер. Сырттай қарағанда Қытайда кеңінен етек жайған тігу цехтарының бірі сияқты. Бір ерекшелігі бұл шағын шеберхананың арнайы кәсіптік мектеп деген атауы бар. Яғни оны аяқтаған мамандар аймақтағы фабрикаларға жұмысқа орналасады. Тіпті, жеке кәсібін ашып алғандары да бар. Қазақ ұлттық киімдерін дайындау мектебінің директоры Жеңісгүл Нұрданақынқызының айтуынша, оқушылар үш түрлі бағытпен тәрбиленеді. "Біріншісі - осы мектептен шыққан қыз-келіншектерді оқу ордамызда алып қалу. Екіншісі - осы мамандық бойынша ауылдардан, елді мекендерден кәсіп аша алады. Үшіншісі - еліміздегі және шетелдегі осындай ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру", - деді Нұрданақынқызы.

Өнімдер тек Қытайда емес, Моңғолия, Қазақстан, Түркияға да жіберіледі. Бұдан бөлек, дәл осы орталықта дайындалатын киім-кешектер мен киіз үйлерге мұражайлар тарапынан тапсырыс жоғары. Киіз үй демекші, ұжым алдағы жылы дәл осындай этнопарк ашпақшы. Бұл мақсатта жергілікті билік сегіз гектар жер бөлді. Ол жерде 22 түрлі 100 киіз үй бой көтереді. Ал Құлжа қаласындағы қазақ ұлттық музейінің басшысы Әзірәлі Әміртбекұлы қазақтың үйі тек қара лашық емес, таудың басына тігілетін жайлаудағы үй ғана емес, ол 22 түрге бөлінеді дейді. "Ханның үйі, қарашаның үйі деген секілді. Ал енді біздің мақсатымыз - сол 22 түрлі киіз үйді ауыл ретінде құрып, біздің мәдениетімізді басқа ұлттарға таныстыру", - деді тілшілерге берген сұхбатында музей басшысы. 

Қазір ұжым аталған этнопарк элементтерін жасауға қызу кірісіп кетті. Келесі жылдың соңына дейін демалыс әрі танымдық орталық бұқараның қолданысына беріледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, қазақтың осы киіз үйлері мен ұлттық киімдерін жан-жақты зерделеу мақсатында кәсіптік мектеп жанынан арнайы зерттеу орталығы ұйымдастырылмақ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer