25 қараша 2015 | 13:06

Қазақстандық оқушылар химия мен физика пәндерін ағылшын тілінде оқиды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық оқушылар төрт пәнді ағылшын тілінде оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мектептерді үштілді білім беруге көшіру 2023 жылға қарай жүзеге асырылады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық оқушылар төрт пәнді ағылшын тілінде оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мектептерді үштілді білім беруге көшіру 2023 жылға қарай жүзеге асырылады.

Алтынсарин атындағы Білім беру ұлттық академиясының вице-президенті Мариам Мұқатова ОКҚ брифингінде "2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы" бағдарламасы әзірленіп, бекітілгенін хабарлады. Академия жанынан үштілді білім беру орталығын құру жоспарланды, онда Қазақстанда білім беруді үштілді етуге ауысу және жоғары сыныптарда, колледждер мен жоғары оқу орындарында сабақтарды ағылшын тілінде оқытуға дайындау үшін бірыңғай тіл стандарты әзірленеді.

Спикердің айтуынша, білім беру ұйымдарын ағылшын тілін білетін мамандармен толықтыру үшін "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің мүмкіндігі пайдаланылады. Мұғалімдерді ынталандыратын жүйе ойлап табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің формасы мен мазмұны жүзеге асырылады.

"Жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту төрт пән бойынша енгізіледі - информатика, физика, химия, биология. Үш тілде білім беруге өту кестесі мен жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқыту кестесі әзірленіп жатыр. 2017-2018 жылдары бесінші сыныпқа бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқығандар келеді. Осы кезеңнен бастап жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады", - деді Мұқатова.

(...) Ағылшын тілі сабағында төрт пәннің материалдары қолданылады. Бесінші сыныптан бастап осы пәндердің терминологиясын ағылшын тілінде оқыту басталады. (...) Тоғызыншы сыныптан кейін тіл бойынша оқып жатқандардың бағасы сырттай бағаланады, ағылшын тілінде сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады және негізгі мектепте ағылшын тілінде қосымша сабақтар өткізіледі", - деді спикер.

Сонымен қатар, Назарбаев интеллектуалдық мектебінде үш тілде жасалған оқу-әдістемелік оқулықтарды алуға мүмкінді беріледі.

"2022-2023 жылдардан бастап ҚТЛ-дерде, халықаралық мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде білім беруді ағылшын түрінде жүзеге асыру қарастырылып жатыр. Ал келесі жылы - 2023-2024 оқу жылдары жалпы білім беретін барлық мектепті осы жүйеге өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді спикер.

Оның айтуынша, мұндай жүйені енгізу педагогикалық кеңестің және ата-аналар комитетінің шешімімен жүзеге асырылады.

"(...) 2020 жылға дейін 2450 мұғалім мен оқытушы тіл курсынан өтеді. (...) Мектептің қай тілде оқытылатынына қарамастан Қазақстан тарихын қазақ тілінде оқыту, ал Дүниежүзі тарихын орыс тілінде оқыту мәселелері шешіліп жатыр", - деді ол.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев үш тілді білім беру үшін жол картасын жетілдіруді тапсырған болатын. "Біз ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытатын етеміз. Ал 11-12 сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтеді", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer