25 қараша 2015 | 13:49

Маңғыстау облысында ит төбелесі заңды түрде өткізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Маңғыстау облысында иттердің төбелесі заңды түрде өткізіледі, - деп хабарлайды Тumba.kz. Оны "Тазы. Төбет. Бөрібасар" Ұлттық спорт федерациясы ұйымдастырады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында иттердің төбелесі заңды түрде өткізіледі, - деп хабарлайды Тumba.kz. Оны "Тазы. Төбет. Бөрібасар" Ұлттық спорт федерациясы ұйымдастырады.

Басылымның мәліметінше, федерацияның Маңғыстау облыстық филиалы "әділ ит төбелесін" ресми түрде ұйымдастырады. "Жануарларды қорлау - айуандық, мен мұндайға қарсымын. Үш итім бар, иттерді қалай қорлауға болатынын түснбеймін. Сондықтан да әділ ит төбелесі жайлы айтқанда қаталдық туралы сөз болуы мүмкін емес. Мұндай төблестер ұлттық дәстүр болып есептеледі, сонымен қатар ежелден өткізіліп келеді", - деді филиалдың төрағасы Еркін Балдеков.

Мұндай шараны өткізуге рұқсатты 2015 жылдың мамырында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Сергей Пахомов берген. "Тазы. Төбет. Бөрібасар" ұлттық ит спортын дамытуға арналған, 2014 жылы тіркелген ресми спорт федерациясы. Оның құрамына 1000 адам кіреді.

"Біз қазақтың төбеті сияқты иттің тұқымын дамытуды және спорттық қызығушылықты зерттейміз. Ол азиялық овчарка тұқымдасына келеді, қазір біз тұқымды араласудан тазартып жатырмыз. Мұны істеу және бұл тұқымды дамыту үшін күшті иттерді таңдап алу керек. Осы үшін де ит төбелесін ұйымдастырамыз. Бұл толығымен кинологиялық жұмыс", - деді Балдеков.

Сонымен қатар, ол иттердің адамға деген өшпенділігі жоқ екенін және олардың шайқас кезінде адамдарға жармаспайтынын айтты. Қазір Бүкіләлемдік кинологиялық ұйымның қазақтың төбеттері мен тазыларын тіркеуді жүргізіп жатқаны белгілі болды. Ұйымның шартына сәйкес, ерекше тұқымның саны кемінде мың болуы керек, дегенмен қазақстандық федерация мұндай талапқа сәйкес келмейді.
  
"Шара жыл сайын екі кезеңде ұйымдастырылады: күзде және көктемде. Оған төбелес кезінде иттердің жағдайын анықтап отыратын ветеринарлар қатысады. Егер төбелес кезінде иттер жарақаттанып қалса, ветеринар төбелесті тоқтатып, итті жеңілген деп есептеуге құқы бар", - деді Маңғыстау облыстық филиалдың төрағасы.

Сонымен қатар, Балдеков мұндай төбелес иттер үшін қауіпсіз екенін жеткізді. Жасы және салмағы бойынша категорияларға бөлінді. Екі жастан кіші иттер жас болып есептеледі, одан үлкендері - ересектер. Бұл иттердің мінезі бойынша анықталады. "Ешкім итінің жарақаттанып, оған зақым келгенін қаламайды. Сондықтан да іріктеу ветеринардың қадағалауымен өткізіледі. Төбелес кезінде күшік бір минут бойы жылдам әрекет етсе, артық күш кетірудің қажеті жоқ. Бұл спорт, мұнда жеңімпаз да бар, мұндай тұқымды дамытатын спортқа деген қызығушылық та бар", - деп сөзін қорытындылады ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жануарларды қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК 316-бабына сәйкес, мұндай қылмысқа барғандарға 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 90 күнге қамауға алу жазасы кесіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer