25 қараша 2015 | 18:05

Шымкентте төрт адамның өліміне себепші болған жігіт қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Youtube © Youtube

Шымкенттегі төрт адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деген күдікпен ұсталған жігіт қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қаза тапқандардың ішінде екі бала бар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі төрт адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына кінәлі деген күдікпен ұсталған жігіт қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қаза тапқандардың ішінде екі бала бар.

Жол талғамайтын көліктің 24 жастағы жүргізушісі Мұрат Танкеев өз кінәсін толығымен мойындап, жол апатының құрбандарымен таныс болғанын айтып берді. "Мен болған жағдайға өзімді кінәлі санаймын. Мен Бекзатты танитынмын (қаза тапқандардың бірі), суреттен бұрын оның әкесін көрдім. Мен қаза тарқандардың отбасынан кешірім сұраймын, өз кінәмді толықтай мойындап, оған заң шеңберінде жауап беруге дайынмын", - деді жас жігіт.

Оның кінәсін түсінгеніне қарамастан, прокурор төрт адам қаза тапқан жол апатынан кейін оны бостандықта қалдыру мүмкін емес екенін, оның үстіне жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мас күйде болғанын алға тартты. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторында екі ай болады.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы өткен жексенбіде болды. Lexus жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан ол Audi-80 автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан Audi жүргізушісі, 1963 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға барар жолда екі бала көз жұмды, олар 2010, 2014 жылы туылғандар, олар да көліктің салонында болған. Сонымен қатар, қалалық ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде Audi автокөлігінің 1987 жылғы тағы бір жолаушысы есін жимастан көз жұмды", - деді ол. Жол апатының видеосы Интернетте жарияланғаннан кейін оқиға кең таралды. Төрт жақынын жерге тапсырған Дауылбаевтар отбасы кінәлі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Себебі, Lexus жүргізушісі Мұрат Танкеев полиция мен прокуратурадағы жоғары шенді ағаларының атын атап, ешқандай жазаға тартылмайтынын айтыпты. "Әкесі бай екен, бизнесмен деді. Әкесінің інісі сол ІІД бір криминалистика бөлімінің бастығы екен. Сол үшін әпкемнің көзіне боқтаған, не істесең оны істе деп. Қайда барсаң сонда бар. Соттасаң сотта маған дауа жоқ деді. Ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан ештеңе келмейді деп айтты", - деді марқұмдардың туысы Айжан Әпсалямова.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer