26 қараша 2015 | 10:43

"Теңізшевройл" Ақтау арқылы мұнай экспорттауды тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© azh.kz © azh.kz

"Теңізшевройл" компаниясы Ақтау арқылы мұнай экспортын шілде айынан бері біржола тоқтатты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" АҚ бас директоры Марат Ормановқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Теңізшевройл" компаниясы Ақтау арқылы мұнай экспортын шілде айынан бері біржола тоқтатты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" АҚ бас директоры Марат Ормановқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ТШО мұнайы шілде айынан бері Каспий теңізі арқылы тасымалданбай жатыр. Салдарынан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаушы негізгі оператор жұмысшыларының санын 20 пайызға қысқартқан. Өткен жылы порт арқылы 6 миллион тонна мұнай тасымалданса, биыл бұл көрсеткіш 3,5 миллион тоннаға да жетпейді. 

"ТШО мұнай мөлшерін мүлдем тоқтатты. Нөлде тұрмыз. "Теңізшевройл" биылғы шілдеден бері теңіз арқылы жүріп жатқан жоқ. ТШО барлық ауқымын Каспий құбыр желісіне қарай бұрды. Бүгінде бізде ешкім қалған жоқ деуге болады. Біз енді жеке компнаияларды іздеп жатырмыз. "Маңғыстаумұнайгазды" теңіз арқылы шығуға көндіруге тырысып жатырмыз. Бір кездері жүк тасымалдаушылар біздің соңымыздан жүгірсе, қазір біз олардың соңынан жүгіретін заман болды", - деді Орманов.

Айта кетейік, 2016 жылы тасымал көлемі 2 миллион тонна болмауы мүмкін деген болжам бар. Салдарынан мұнай компанияларына қызмет көрсету саласының да жағдайы қиындай түседі. Күні кеше ғана энергетика министрі Владимир Школьник осы салада 40 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтқан еді. Ал сервистік компаниялар одағының басшылығы бұл саланы мүлдем жоғалтып аламыз ба деп алаңдайды.

Қазақстан мұнай-газ және тау-кен саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл қарқынмен кете берсек, біз тек қана адамдарды жұмыссыз қалдырмаймыз, біз мұнай-газ саласына қызмет көрсету саласын жоғалтамыз.

"Өйткені бұл салада жылына айналып жатқан ақша 10-12 миллиард доллар. Мысалы норвежестер қазір қызмет көрсету мұнай-газ саласына қызмет көрсетуді экспорттап отыр. Олар қазіргі өздерінің өндіріп отырған мұнайынан қызмет көрсету компанияларының әкеп отырған пайдасы екі есе артық", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer