26 қараша 2015 | 18:02

Астанада 17 жастағы қыз жезөкшелікпен айналысқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© altaynews.kz © altaynews.kz

Астанада 23-25 қараша аралығында адам саудасы және оларды жыныстық қызмет көрсету мақсатында пайдалану деректерінің алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық шаралары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада 23-25 қараша аралығында адам саудасы және оларды жыныстық қызмет көрсету мақсатында пайдалану деректерінің алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық шаралары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері 1998 жылы туылған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеу дерегін анықтады.

"Әлеуметтік педагогпен бірге келген қыз саунаның 1967 жылғы қожайының үстінен полицияға шағымданды, ол қызды қорқыту арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 134-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша тіркелді", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, сауна қожайыны ұсталды. Сонымен қатар, ол 1995 жылы туылған қызды да қорқыту арқылы жезөкшелікпен айналысуға итермеледі деген күдік бар.

Астана ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері тағы үш саунаның әкімшілерін ұстады, олар келушілеріне жыныстық қызметті ұсынушы қыздарды сатып, сол үшін ақшалай сыйақы алып отырған.

23 қарашада 38 жастағы әкімші 1986 жылғы қызды клиентке ұсынып, қызметі үшін бес мың теңге алған.

Бұл деректер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді. ІІД мәліметінше, тергеу амалдары жүріп жатыр, олардың кінәсі дәлелденді.

Шараларды жүргізу барысында жыныстық қызмет көрсеткен 30 адам ұсталды. Олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматшалары. Ұсталғандардың барлығы есепке алынды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer