29 қараша 2015 | 09:16

Ресей Түркияға қарсы экономикалық жаңа санкциялар салды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ресей Президенті Владимир Путин Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар және ресейлік азаматтарын қылмыстық және өзге де заңға қайшы әрекеттерден қорғау және Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей президентінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Президенті Владимир Путин Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар және ресейлік азаматтарын қылмыстық және өзге де заңға қайшы әрекеттерден қорғау және Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей президентінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдің басшысы Түркияда өндірілген кейбір тауар түрлерін Ресей территориясына кіргізуді қарастыратын сыртқыэкономикалық операцияларға тыйым салуды немесе шектеуге қаулы шығарды. 

Сонымен қатар, Путин Түркияның құзыретіндегі ұйымдардың қызметіне, олардың РФ-дағы белгілі бір жұмыстары мен қызметтеріне тыйым салуға және шектеуге қаулы шығарды. Мұнымен бірге, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ресейлік жұмыс берушілерге Түркия азаматтарының қатарынан жұмысшы алуға тыйым салынған.  

РФ басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркиямен арада визасыз режимді тоқтату туралы шешім шығарды, сыртқы істер министріне бекітілген тәртіпте Түрік республикасына келісімдердің ішінара тоқтатылатынын жөнінде ескерту жолдау туралы тапсырма берілді.   

Мұнымен қатар, жарлықта туроператорлар мен турагенттерге Ресейдің азаматтарына Түркия территориясына баруды қарастыратын туристік өнімді сатудан тыйылу тапсырылған. Жарлық 28 қарашада жария болып, күшіне енді. Құжаттың күші алып тасталмайынша жойылмайды. 

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, түріктің бір шенеунігі бұған қатысты өз пікірін білдіріп үлгеріпті. Айтуынша, санкциялар екі елдің арасындағы проблемаларды күрделендіреді екен. "Мұндай санкциялар қарым-қатынасты бұзады. Мұндай қадамдар жағдайды оңтайландырмайды, ол жағдайды тек қиындатады", - деп келтіреді агенттік әңгімелесушінің сөзін. 

Еске салайық, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы сириялық-түрік шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer