30 қараша 2015 | 11:38

Жаңа жылдан бастап жалақы, әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы 30 пайызға өседі - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялап жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялап жатыр.

"Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз бола алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы халқымыздың бүгінгідей ешқашан бақуатты тұрмыс көрмегенін атап өтті. "Біз Тәуелсіздік алғаннан бері 1300 денсаулық сақтау орны, 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды, емдеулерді өз елімізде өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеткіздік. Бұл ешқашан болған емес. Жалпы халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі нәтижесінде қазақстандықтардың сәбилерінің көбеюінің нәтижесінде, Қазақстан халқының жыл сайын өсуінің нәтижесінде, денсаулық сақтау мәселесінде тұңғыш рет қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жастан асты. Мұны ең негізгі жетістік деп санауға болады. 10 жылдың ішінде 64 жастан 72 екіге дейін бүкіл халықтың орташа өмірін ұзарту ешбір елдерде кездеспеген шығар. Мемлекет қандай жағдайларда да әлеуметтік міндеттемелерін шашауын шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетті өркендетуге қол жеткіздік", - деді Елбасы.

Айта кетейік, осыған дейін Ақордадағы кеңейтілген отырыс кезінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жария ететінін, оны әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арнайтынын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer