30 қараша 2015 | 12:15

Назарбаев қымбат киімдер мен автомобильдерді сатып алатындарды сынады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© finance.bigmir.net © finance.bigmir.net

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қымбат киімдерді, қымбат автомобильдерді сатып алатындарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қымбат киімдерді, қымбат автомобильдерді сатып алатындарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шетелдерге барсаң, миллиардер дегендер қымбат киім кимейді, тіпті Швейарияда байлар барып, арзан киім-кешек сатып алатын дүкендер бар. Елдің көзіне түспеу үшін, қызғандырмау үшін, наразы қылмауы үшін. "Мына иттің баласы бай боп кетті демеуі үшін сөйтеді. Ал бізде қалай? Көліктің ең үлкенін, киімнің ең жарқырағанын, әйелдеріміз мойнына ең бай тастарды тағады. Дүниеде ешкім бұлай жасамайды (...)", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы тауарды өз еліміздің өндіруі тиіс екеніне тоқталды. " Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек дегенім осы. Бізге ешкім тауарларын да бермейді, қондырғыларын да бермейді. Кішігірім бастамаларды (тауар өндіруге қатысты айтылып отыр - Авт.) әр ауылда, әр ауданда, әр облыста қолдап жіберетін болсақ, тауарларын жылдан жылға сапалы етуге, көбейтуге көмектессек, солардан бәрі шығады. Барлық дүниежүзілік брендтер сөйтіп шыққан. Естеріңізде болсын", - деді ҚР Президенті. 

Назарбаев бұл жолғы Жолдауын әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арнады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде таратылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer