Семейде алма тиелген жүк көлігі аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде алма тиелген жүк көлігі аударылып қалды Куәгер жолдаған сурет

Семейде алма тиелген жүк көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде алма тиелген жүк көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің маңында болды. "Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, салдарынан көлік аударылды", - деп хабарлады Семей жол полициясы.

Ер адам сау күйде болған. Жол-көлік оқиғасы ауа райы салдарынан болуы мүмкін: бүгін қала көшелерінде көктайғақ болып жатыр. Жүк көлігіне алма тиелгені белгілі болды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Әкімшілік соты оған салынатын айыппұлдың көлемін анықтайды. Бұл дерек Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы" бабына сәйкес қаралады. Осы бапқа сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе транспорт құралын басқару құқығынан 9 ай мерзімге айыру жазасы қолданылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети