02 желтоқсан 2015 | 12:21

Шымкентте үйлену тойында жетімдерге дастархан жайған жұп өздері жайлы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суреттер Facebook желісінен алынды Суреттер Facebook желісінен алынды

Шымкентте өзінің қайырымдылығымен танылған күйеу жігіт өзі жайлы және қалыңдығы туралы айтып берді. Мейірман Сауранбек "лимузинмен" өткізетін той күнгі серуенінің орнына жетім балаларға дастархан жайып берді. Бұл шараның видеолары мен суреттері әлеуметтік желілермен жаңалық сайттарында жария болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі мәрт жігітпен әңгімелесті. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте өзінің қайырымдылығымен танылған күйеу жігіт өзі жайлы және қалыңдығы туралы айтып берді. Мейірман Сауранбек "лимузинмен" өткізетін той күнгі серуенінің орнына жетім балаларға дастархан жайып берді. Бұл шараның видеолары мен суреттері әлеуметтік желілермен жаңалық сайттарында жария болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі мәрт жігітпен әңгімелесті. 

Мейірман Сауранбек Сайрам аудан орталығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес-тәлімгер болып жұмыс істейді. Ал оның қалыңдығы жоғарғы оқу орындарының біріндегі экология факультетінде мұғалім. Жас жұбайлар бірге жұмыс істеген жеке компанияда танысыпты. Алайда жігіт жұмыс орнын ауыстырғаннан кейін сезімін білдіріпті. Жұп 2013 жылдан бастап кездесе бастапты, биыл Мейірман сүйіктісіне кафеде ұсыныс жасапты.

Қазіргі уақытта жұп Шымкентте пәтер жалдап тұрып жатыр. Күйеу жігіттің айтуынша, ол үйлену тойының осындай резонанс туғызатынын ойламаған екен. Оның достарының бірі жетімдерге дастархан жайған сәтін видеоға түсіріп алып, Facebook желісіне жариялапты. "Барлығының біз жайлы білгісі келетінін өзім де ойлаған жоқпын, - дейді Мейірман. - Мен балалар үйіне келіп, ата-ана махаббатынан айырылған балаларға жақсылық жасағым келетін. Серуендеуге және лимузиндерге ақша жаратқым келмеді, оның үстіне осындай қиын кезеңде, сөйтіп, балалар үйінде дастархан жайдым. Қалыңдығыма бұл жайлы тойға екі күн қалғанда ғана айттым. Бастапқыда ол барлық қарапайым қыз секілді лимузинмен серуен құрғысы келді. Бірақ ол менің шешіміме түсіністікпен қарады. Кортежге 100 мың теңге жұмсалар еді, осы соманы мен балаларға жараттым", - дейді жігіт. 

Ол балалар үйінің әкімшілігімен алдын ала келісіп қойыпты. Балалар болса бұл кезде мерекеге дайындалып жатқан. Мейірман үш мақсатының болғанын айтады: балаларға қуаныш сыйлау, ысырап жасамай, ата-ана қуанышынан айырылған балаларға нағыз тойдың қалай болатынын көрсету және қайырымдылықпен айналысу. Жігіт балалардың қатты қуанғанын, себебі ақ көйлек киген қалыңдықты көрмегенін айтады. Сыйлықтар көп болған, бірақ Мейірманға балалардың тақпақтары мен әндері ұнапты. "Олардың айтқан өлеңдері мен әндері жүрегіме жетті, - дейді ол. - Балалар өте шынайы, қатты таңғалдым (...) Олардың дайындығына таңдандым. Әрине, осының бәрі қуаныш сыйлады. Ал кешке тойымыз өтті, онда 350 адам болды. Бұл дәстүр ғой, туыстарымыз, достарымыз, ауылдастарымыз болды. Сөйтсек, ата-аналарымыз балалар үйінде дастархан жайғанымызды әлеуметтік желілер мен жаңалықтардан оқыпты. Барлығы бізді қолдады", - деді ол. 

Мейірманның айтуынша, ол жаңалықтар сайтында жазылған пікірлерді оқып, қуанған. Жас жұптың қайырымдылығы көптерге шабыт сыйлапты. "Мен бұл істі бастадым, қазақстандықтар менің жасағанымды үлгі етсе, қымбат-қымбат көліктер жалдап, серуендегенше, балалар үйіне барып, қайырымдылықпен айналысса деген ниетім бар. Осындай дағдарыстың кезінде бос шығын келтірудің орнына осылай жасасақ игі болар еді", - деді Мейірман. 


Суреттер Facebook желісінен алынды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer