02 желтоқсан 2015 | 20:03

ОҚО полициясы қызды аяусыз ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видеоны зерттеп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ОҚО полициясы қызды аяусыз ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видеоны зерттеп жатыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Бұл видеоны Facebook қолданушысы Айгүл Орынбек жүктеп, осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне және ОҚО Ішкі істер департаментіне хат жолдаған. "Ішкі Істер Министрлігі, ОҚО Ішкі Істер Департаменті мына видеоны тексеріп, халыққа жауап берсеңіздер. Бұл оқиға қайда болған?" деп сұрады әлеуметтік желі қолданушысы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ОҚО полициясы қызды аяусыз ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видеоны зерттеп жатыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Бұл видеоны Facebook қолданушысы Айгүл Орынбек жүктеп, осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне және ОҚО Ішкі істер департаментіне хат жолдаған. "Ішкі Істер Министрлігі, ОҚО Ішкі Істер Департаменті мына видеоны тексеріп, халыққа жауап берсеңіздер. Бұл оқиға қайда болған?" деп сұрады әлеуметтік желі қолданушысы.

Ішкі Істер Министрлігі, Оқо Ішкі Істер Департаменті мына видеоны тексеріп, халық қа жауап берсеңіздер. Бұл оқиға қайда болған?

Posted by Айгүл Орынбек on 1 декабря 2015 г.

"Біз бұл видео жайлы таяуда ғана білдік. Қазіргі уақытта бұл видеоның қайдан түскенін, яғни дереккөзін анықтауымыз керек. Видеода төбелестің қоймаға ұқсас жерде болып жатқаны көрінеді. Қазіргі уақытта төбелестің қайда болғанын айту қиын. Бірақ қайткенде де қызметкерлеріміз осы іс бойынша жұмыс істейді. Бізге уақыт керек", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, кадрларда бір қыздың тағы бір қызды аяусыз ұрып-соғып жатқаны, қолмен соққы жасап, теуіп, шашын жұлып жатқаны және кешірім сұрауын талап ететіні бейнеленген. Кейін белгісіз біреу келіп, ұрып жатқан қыз аяғын сүюін талап етеді. Оқиғаға бірнеше адам қарап тұрады.
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer