02 желтоқсан 2015 | 22:57

ДАИШ-тың мұнай бизнесіне Ердоған мен оның отбасының қатысы бар - РФ Қорғаныс министрлігі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның отбасы - Сирия мен Ирак территориясында халықаралық лаңкестердің бақылауындағы қылмыстық жолмен жеткізілетін мұнай өнімінің бас тұтынушылары. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның отбасы - Сирия мен Ирак территориясында халықаралық лаңкестердің бақылауындағы қылмыстық жолмен жеткізілетін мұнай өнімінің бас тұтынушылары. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

РФ қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антоновтың мәлімдеуіне қарағанда, мұнай саудасынан түсетін табыс Сириядағы лаңкестерге маңызды табыс көздерінің бірі. "Олар күн сайын шамамен екі миллиард қаражат табады, осы қаражатты олар әлем бойынша содырларды жалдауға, техникамен қамтамасыз етіп, қаруландыруға жұмсайды. Міне, сондықтан ДАИШ Сирия мен Ирактағы қылмыстық мұнай өндіру инфрақұрылымын қорғайды", - деп мәлімдеді Антонов.  

Ол осы ұрланған мұнайдың негізгі тұтынушысы деп Түркияны атады. "Келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, осы қылмыстық бизнеске елдің жоғары саяси басшылығының қатысы бар - президент Ердоған мен оның отбасы", - деді Антонов. Сонымен бірге, ол Батыстың Ердоғанның ұлының неге ең ірі энергетикалық компаниялардың бірін басқаратыны туралы, ал күйеу баласының неге энергетика министрі болып тағайындалғаны жайлы сұрамайтынын атап өтті. 

РФ қорғаныс министрінің орынбасары Мәскеудің Ердоғанның отставкасын мақсат етіп отырмағанын айтты, айтуынша, бұл Түркия халқының ісі. "Біздің мақсатымыз, құрметті ханымдар мен мырзалар, - біріккен әрекеттерімізбен терроризмді қаржыландыру көздерін жабу, осыған сіздерді де шақырамыз", - деп қосты Антонов. 

Өз кезегінде РФ ҚК Бас штабының Бас жедел басқармасының басшысы Сергей Рудской Түркияның бұл бизнеске қатысы бар екенін дәлелдейтін деректердің бар екенін жеткізді. Ол мәліметтердің жартысын жария етті.  

Рудской "Сирия мен Ирактағы банда құрылымдарының бақылауындағы мұнайдың Түркияға жеткізілетін үш бағытының анықталғанын" атады. Батыс бағыты түрік порттарына Жерорта теңізінің жағалауы арқылы шығады, солтүстікте - Түркия территориясындағы Батман мұнай өңдеу зауытына, ал шығысы - Джизр деп аталатын елді мекендегі ірі өткел базасына.  

Оның айтуынша, лаңкестердің ұдайы айналымында кем дегенде 8,5 мың автомобиль бар, олар тәулік сайын 200 мың мұнай баррелін тасымалдайды.   


© РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ал РИА Новости агенттігінің хабарына сәйкес, Түркия президенті Анкара ДАИШ-тан мұнай сатып алады дейтіндердің дәлел ұсынуы керектігін тағы да мәлімдеп отыр. "Түркия ДАИШ-тан мұнай сатып алатындай ар-намыстан жұрдай болған жоқ. Мұндай тұжырымды жасайтындар дәлел келтіруі керек. Егер ұсынса мен орынтағыма жармаспаймын", - деп мәлімдеді Ердоған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer