03 желтоқсан 2015 | 11:43

Астана полициясы хаттаманың алдағы мерзіммен толтырылу себебін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Астана полициясы жол ережесін бұзғаны үшін хаттаманың алдағы мерзіммен толтырылғанын байқаған "Қазақстан автомобилистер одағының" төрағасы Теміржан Құсайыновтың шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана полициясы жол ережесін бұзғаны үшін хаттаманың алдағы мерзіммен толтырылғанын байқаған "Қазақстан автомобилистер одағының" төрағасы Теміржан Құсайыновтың шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакциямызға Теміржан Құсайынов хабарласып, оған 29 қараша күні 30 қарашада болған жол ережесін бұзу оқиғасына қатысты хаттама толтырылғанын айтты. Ол полиция тарапынан көрсетілген мұндай ықыластың автомобилистер одағындағы белсенділігімен байланысты екенін мәлімдеді.

"Бірнеше ай ішінде біз Қазақстан бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған 100-ден аса полиция қызметкерін жазаға тарттық. (...) Менің ойымша, енді мені "тұзаққа түсірмекші". ЖБО қызметкерлері бір күн бойы көлігімнің ізіне түсті, төрт жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Маған хаттама толтырды", - деді Құсайынов. Сонымен қатар, ол редакцияға полицияның кейбір қызметкерлеріне айыппұл салынғанын растайтын құжаттар мен өзіне толтырылған хаттаманың суретін жіберді. Төрт құжаттың біреуі:

Астана полициясы болса Құсайыновтың тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзу әрекетінің болғанын хабарлады.

"29 қарашада ЖПП полкінің қызметкері Дүзелбаев Құсайыновтың жүргізушісінің үстінен 4 әкімшілік өндіріс қозғады: автомобиль терезесінен қоқыс лақтыру; оңтайландыру ережесін бұзу; транспорттық көлікті басқару кезінде ұялы телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін тақпау", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Полиция жол ережесінің төрт рет бұзылғаны бейнеленген видеолардың біреуін ұсынды (оңтайландыру ережесін бұзу):

Сонымен қатар, полиция хаттамада мерзімнің дұрыс көрсетілмеуінің де себебін түсіндірді. "Тексеру тағайындалды, әкімшілік хаттама толтыру кезінде инспектор Дүзелбаев алаңғасарлығы кесірінен құжатта мерзім көрсеткен кезде қателік жіберген. Осыған байланысты оған қатаң ескерту жасалды. Көрсетілген мерзім өзгертілді. Астана ІІД ЖБО-ның бейнебақылау камерасына түсірілген видео әкімшілік өндірістің материалына қосылды", - деді полиция өкілі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer