Астанада пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды © Тұрар Қазанғапов

Астана полиция қызметкерлері пәтер және автокөлік тонаумен айналысты күдікпен қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 ай ішінде Астана қаласы ІІД криминалдық полициясы пәтер тонаумен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері пәтерлер және автокөлік тонады деген күдікпен "ізін суытпай" 24-25 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының үш тұрғынын ұстады. Олар Астанада жалға алынған пәтерлерде тұрған. Олардың екеуінің осыған дейін сотталғаны анықталды.

2 желтоқсанда елорданың 42 жастағы тұрғыны белгісіз біреулердің үйіне терезені қысып ашу әдісі арқылы кіріп, жалпы сомасы 1 миллион 600 мың тенге болатын жеке мүлкін ұрлап әкеткендігі туралы шағымданады.

3 желтоқсаны Есіл аудандық ІІБ-ға жергілікті тұрғын автокөлігінің бүйір әйнегін сындырып, 300 мың теңге болатын жеке мүлкін ұрлап кеткені жөнінде хабарлады. "Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған күдіктілердің 3 ұрлықты пәтерден және 7 ұрлықты автокөліктен жасағандығын анықтады. Заттар мен алтын бұйымдарды ломбардтарға төмен бағада тапсырып отырған. ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізіліп жатыр. Күдіктілер тергеу изоляторында қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысын анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети