07 желтоқсан 2015 | 16:43

Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ мына бағыттар бойынша қосымша пойыздардың сапарға шығатынын хабарлады:

№152/151 Астана-Алматы-1, пойыз Астанадан 2015 жылдың 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 1 қаңтарында, Алматыдан 2015 жылдың 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында шығады.

№153/154 Астана-Қостанай, пойыз Астанадан 2015 жылдың 27 желтоқсанында, Қостанайдан 2015 жылдың 28 желтоқсанында шығады.

№156/155 Қарағанды-Жезказған пойызы Қарағандыдан 2015 жылдың 15, 17, 19, 25, 27, 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында және Жезқағаннан 2015 жылдың 16, 18, 20, 26, 28, 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 3 қаңтарында шығады.

№452/451 Алматы-2-Достық пойызы аптасына үш рет Алматыдан 2015 жылдың 14-28 желтоқсаны аралығында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, ал Достық станциясынан 2015 жылдың 15-29 желтоқсаны аралығында сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері шығады.

№454/453 Алматы-1-Семей пойызы, Алматыдан 2015 жылдың 27 желтоқсанында, Семейден 2015 жылдың 28 желтоқсанында жолға шығады.

"Бұдан бөлек, 2015 жылдың 27 желтоқсанынан бастап №47/48 Атырау-Астана "Каспий" жүрдек пойызы енді жаңа бағыт: Көкшетау-Новоишим-Қостанай-Тобыл-Никельтау-Кандыағаш станциялары арқылы (бұрын Атбасар, Есіл, Кұсмұрұн, Тобыл, Никельтау, Кандыағаштың үстімен өтетін) күнара жүретін болады. Пойыз Атыраудан жұп күндері, Астанадан тақ күндері жолға шығады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

2016 жылдың 4-қаңтарынан бастап Карағанды-Киев бағыты бойынша (Астана-Киев пойызының орнына)№107/108 жолаушылар пойызы тағайындалды. Пойыз аптасына бір рет Қарағандыдан дүйсенбі, ал Киевтен бейсенбі күндері сапарға аттанады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer