08 желтоқсан 2015 | 09:40

Сергей Зверев қазақ тілінде ән айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Mironov Entertainment Фото: Mironov Entertainment

"Голос" шоуының қатысушысы Диана Шарапова Сергей Зверевпен бірге қазақ тілінде жаңа жылдық ән айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mironov Entertainment агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Голос" шоуының қатысушысы Диана Шарапова Сергей Зверевпен бірге қазақ тілінде жаңа жылдық ән айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mironov Entertainment агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, 1 желтоқсанда бейнебаянның орыс тілдегі нұсқасы жарияланды. Бір апта өткен соң әншілер бейнебаянның қазақ тіліндегі түпнұсқасын жарыққа шығарды. Бұл әннің мәтінін қостанайлық ақын Еркін Сүюбаев жазды.

Зверевтің айтуынша, оған қазақ тілінде ән салу оңайға түспепті. "(...) Мен апта бойы әннің қазақша нұсқасын тындап, жаттадым. Әнді жазуға студияға келгенде қиындықты сезіндім. Қазақ алфавитінің әріптері орыс алфавитінен өзгеше екенін ұқтым. Осының бәрі басында маған оңай болған жоқ, бірақ мен соңында қазақ алфавитіндегі Ң әріпін Н әріпінен, Ө әріпін О әріпінен айыруды үйрендім. Мен үшін ең қиыны - шумақты айту болды", - деді әнші. Дегенмен ол әннің қайырмасын айту оңайға түскенін жеткізді.

Диана Шарапованың айтуынша, Сергей берген тапсырманы үздік орындап шықты. " (...) Қазақ сөздерін дұрыс айту үшін өте көп еңбектенді және өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Сергейдің ән қоржынында шешен, украин, грузин, ағылшын тілдерінде әндер бар, енді оған қазақ тіліндегі ән қосылды. Ол өте талантты жан. Сергей екеуміздің бірге айтқан жаңа жыл туралы көңілді әніміз қазақстандық көрермендерге ұнайды деп сенемін", - деді Шарапова.

Әншінің продюсері Роман Миронов Сергейге Диананың даусы ұнағандықтан, бейнебаян түсіруге ұсыныс жасағанын жеткізді. "Сергейдің балалық шағы Қазақстанда, Өскемен қаласында өткен. Бiзге дейiнгi Ресей жұлдыздарымен жазылған дуэттерде ешқашан қазақ тiлiнде әндер айтылмаған. Бiздiң жағдайымызда мұндай оқиға бiрiншi рет болды. Әрине, Сергей Зверев сияқты танымал жұлдызды қазақ тiлiнде ән айтуға көндiру бiзге оңайға түскен жоқ. Жақын арада қазақстандықтар үшін үлкен концерт берсек деген ойымыз бар. Бұл әнді жазудағы мақсатымыз - қазақ тiлiн өзге мемлекеттерге насихаттау", - дейді әншінің продюсері Роман Миронов.

 

Фото: Mironov Entertainment

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer