Алматы полициясы шыршалардың ұрлануына байланысты тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы шыршалардың ұрлануына байланысты тергеу жүргізіп жатыр © Periscope

Алматы полициясы әкімдік отырғызған шыршалардың ұрлануына байланысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы әкімдік отырғызған шыршалардың ұрлануына байланысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы дерек Түрксіб аудандық полиция бөлімшесімен Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде "Ұрлық" бабы бойынша тіркеуге алынды. Осы іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды", - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулердің әкімдік бастамасымен Бекмаханов көшесіндегі Сұлтан Қарасу өзенінің жағасына отырғызылған шыршаларды ұрлап кеткені хабарланған болатын. Әкімдік мәліметінше, ұрлық 5 желтоқсанға қараған түні болған. Ұрылар 13 шыршаны қолды қылды. Келген шығын 500 мың теңгеге бағаланды. Өзен жағасына барлығы 200 шырша отырғызылған болатын. Қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети