Астанада №27 мектептің оқушылары мен ұстаздары эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада №27 мектептің оқушылары мен ұстаздары эвакуацияланды Иллюстрация © Тengrinews.kz

Астанада №27 мектептің оқушылары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада №27 мектептің оқушылары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана ІІД жедел басқару орталығына белгісіз біреуден №27 мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түскен.

Оқиға орнына жедел қызмет мамандары мен Астана ІІД жедел-тергеу тобы жетті. Кинологтар мектеп пен оның аумағын тексеріп шықты.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мектепті қоршауға алып, 900-ден аса адамды эвакуациялады - олар оқушылар мен мектеп қызметкерлері. Тексеру барысында жарылғыш зат қойылды деген ақпарат расталмады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада вокзал қоршауға алынған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети