12 желтоқсан 2015 | 14:22

Мамандар Қазақстан трассаларында көлік қозғалысының жиі шектелу себебін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мамандар Қазақстан тас жолдарында қозғалысқа жиі шектеу қойылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мамандар Қазақстан тас жолдарында қозғалысқа жиі шектеу қойылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Кәсіпорынның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстан тас жолдарында қозғалыс 121 рет шектелген. Ал 2014 жылы осы кезең аралығында жол қозғалысына 68 рет шектеу қойылған екен. "Қыс мезгілі басталғаннан бері күндіз күннің дереу жылып кетуі, кешкі және түнгі уақыттарда ауа температурасының күрт төмендеуі, қардың түсуі, жаңбырдың жаууы Қазақстан аумағында, соның ішінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көктайғақтың болуына әкеліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Қазақавтожол" қысқы кезде табиғи құбылыстарға байланысты кәсіпорынның жұмыстар кешенін - адамдар жүретін жолды қардан тазарту, "жол тайғақ" жол белгісін орнату, адамдар жүретін жолдарға, соның ішінде жоғары көтерілетін, төмен  түсетін, айналма жолдар, көше қиылыстары, автобус аялдамалары мен республикалық маңызы бар автожолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себу ұйымдастырылатынын хабарлады.

"Сонымен қатар, республикалық маңызы бар 23696 шақырым тас жолға көктайғаққа қарсы материал себу "Автомобиль жолдарын ұстау және жөндеудің техникалық ережесінде" қарастырылмаған және ол мүмкін емес", - деп хабарлады кәсіпорын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer