Алматы облысында ат мінген браконьер полицейлерден жасырынбақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ат мінген браконьер полицейлерден жасырынбақшы болды © Кirov-portal.ru

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануардың етін алып бара жатқан атты браконьер полицейлерден жасырынбақшы болды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануардың етін алып бара жатқан атты браконьер полицейлерден жасырынбақшы болды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Браконьер "Сарытоқым" жазықтығындағы Құрты ауылына жақын маңда ұсталды. "Ер адам заңсыз аңшылыққа атпен барып, полицейлерден жасырынбақшы болды. Ұсталған ер адамнан тегіс ұңғылы қару мен жоғалып бара жатқан жануар ретінде Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың еті тәркіленді", - деп хабарлады полиция.

Жануарды ату арқылы мемлекетке келтірілген шығын 800 мың теңгеге бағаланды. Осы дерек бойынша "Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер" бабына сәйкес тергеуалды тексеріс тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети