Мысыр комиссиясы A321 лайнерінің апатына теракт себеп болғаны туралы нұсқаны растамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр комиссиясы A321 лайнерінің апатына теракт себеп болғаны туралы нұсқаны растамады © REUTERS

Мысыр Синай түбегінде ресейлік A321 лайнерінің апатқа ұшырауына террорлық әрекет себеп болғанын растайтын дәлел таппады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы әуе апатына қатысты тергеу жүргізіп жатқан комиссияның алдын ала таныстырылған баяндамасында айтылды.

"Комиссия әлі де заңсыз сыртқы әрекеттік немесе террорлық актінің болғаны туралы дәлел таппады. Комиссия жұмысын жалғастырып жатыр", - деп жазылған баяндамада.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ. Ал кеше, 17 қарашада Ресей ФҚҚ басшысы Александр Бортников ұшақтың апатқа ұшырауына терактінің себеп болғанын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети