15 желтоқсан 2015 | 14:54

"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева миллион теңгені қайырымдылыққа береді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әлия Мергенбаева анасымен бірге Әлия Мергенбаева анасымен бірге

"Қазақстан аруы-2015" атанған 17 жастағы Әлия Мергенбаева жүлде қорынан миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан аруы-2015" атанған 17 жастағы Әлия Мергенбаева жүлде қорынан миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, "Қазақстан аруы-2015" атанған кезде Әлияға бес миллион теңге табысталған болатын. Анасымен ақылдасқан ол миллион теңгені Ақтау, Астана және Алматы қалаларындағы балалар үйлеріне беретін болды.

Қазақстандағы ең сұлу қыз үйіне 14 желтоқсанда оралды. Оны әуежайдан ата-анасы, туыстары мен достары күтіп алды. Айта кетейік, бұл ақтаулық қыздың "Қазақстан аруы" байқауындағы алғашқы жеңісі.

Әуежайдан кейін отбасы үйлеріне оралды. Мергенбаева отбасында бес ағайынды. Әлияның ағасы мен екі інісі және сіңлісі бар. Қыз үнемі анасына көмектесетіндіктен, оның қолы босай бермейді.

Әлияның анасы Жансұлу Бекбосынова мұнай компаниясында вахталық ауысымда жұмыс істейді. "Әлия менің көмекшім, мен үйде болмаған кезде ол балаларға қарап, үй шаруасымен айналысады, тамақ пісіріп, балалардың оқуын қадағалайды, фитнеске де барады. Біз жеңісті күткен жоқпыз, отбасымызбен қуандық. Алғашында әкесі екеуміз Әлияның сұлулық байқауына қатысуына қарсы болған едік. Бірақ қазір өте қуаныштымыз. Әлемде Қазақстанды таныстыратын кезде біз оған қолдау көрсетеміз", - деді Жансұлу Бекбосынова.

Әлия Мергенбаева Маңғыстау облысындағы туризм колледжінің үшінші курс студенті. Үйіне келгеннен кейін ол білім ордасына да барып қайтты. Колледжде оны директор мен оқытушылар, достары күтіп алды.

"Ол өзінің қарапайымдылығымен, салмақтылығымен ерекшеленді. Әлия колледждегі қоғамдық шараларға үнемі қатысады. Біз оны алғашқы оқу күнінен-ақ аңғардық. Колледжге қонақтар келген кезде ол бізге үнемі көмектеседі. Әлия сабақты да жақсы оқиды. Орыс тілін жақсы білмеуі мүмкін, дегенмен қазақша жақсы сөйлейді, кітап та оқиды. Қобалжығаннан кейін оның жауабын дұрыс түсінбеген болуы мүмкін", - деді колледждің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ажар Бейсенова.

Әлия Мергенбаеваның мектептегі суреті.

"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева анасымен бірге. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer