21 желтоқсан 2015 | 18:28

Дағдарыс келеді және кетеді - ҚР Ұлттық банкінің экс-басшысы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Дағдарыс келеді және кетеді. Мұндай пікірді Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының даму мүмкіндіктері жайлы пікірін білдірген Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дағдарыс келеді және кетеді. Мұндай пікірді Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының даму мүмкіндіктері жайлы пікірін білдірген Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жаһандық және өңірлік дағдарыстар келеді және кетеді. Экономикалар тұрақты болады, теңдіктер қайта қалпына келеді, жаңа норма немесе қалыпты жағдай немесе жаңа шынайылық қалыптасады. Осы шынайылыққа дайын болу керек, яғни монетарлық шоктарды абсорбациялайтын жүйе болуы тиіс. Қазақстан тамызда инфляциялық таргеттеуге өтуді бастады, тұрақты дамуға жасалатын шаралар, үкімет Президенттің тапсырысымен контрциклдық саясатты жүзеге асырып жатыр, бұл саясат Ұлттық қордан резервтерді қолдануды қарастырады", - деді Келімбетов. 

Ол Қазақстанда инфрақұрылымды дамыту бойынша "Нұрлы жол" бағдарламасының жұмыс істеп жатқанын айтты. "Бұл Қазақстанның инвестициялық имиджін жақсарту бойынша пакеттердің бөлігі, себебі инфрақұрылым дегеніміз бірінші кезекте - инвесторлар қарайтын бөлік", - деп түсіндірді сарапшы. Келімбетов Нұрлы жол аясында жүзеге асырылып жатқан Алматыдағы ҮАААЖ (үлкен алматылық айналма автомобиль жолы), Қорғас, теміржол инфрақұрылымын дамыту және Ақтау теңіз портын дамыту сияқты жобаларды атап өтті.

"Біз болашаққа оптимизммен қараймыз, біз күмәні бар адамдарға уақытылы реформа жүргізіп, Алматыда қаржы орталығын құру туралы бастаманың бұрынғы екенін, осы жобаның неліктен сәтті болатынын айтамыз. (...) Бұл Мемлекет басшысының, үкіметтің заңнамаларға өзгеріс енгізу туралы, сот жұмысын жақсарту туралы, ұжымдық заңнамаларды жақсарту, мемлекеттің қызмет жұмысының айқындылығы туралы саяси қалауы. Әрине, әлемдегі үздік тәжірибелер мен сарапшыларды тарту", - деді Келімбетов.

Сонымен қатар, ол сөзін қорытындылай келе халықтың банк секторындағы өзгерістерге көңіл бөлуі қажет екенін айтты.

"Қазір банк секторында үлкен өзгерістер болып жатыр. Цифрлық революция digital trasformation деп аталатын банк жүйесі өзгерген кезде банктер телекоммуникациялық компаниялармен бәсекелеседі. Бұған әлем қалай қараса, біз соған дайын болуымыз керек. Өз кезегінде жаңа технологияға трансформация немесе серпіліс жасау керек. Тек солар ғана бәсекеге қабілетті экономикада өмір сүруге мүмкіндік береді. Дегенмен бірінші тұрақты экономикалық өсімнің болуына мүмкіндік жасау керек", - деді Ұлттық банктің экс-төрағасы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer