23 желтоқсан 2015 | 18:19

Ұландықтар 2015 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы © Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Бүгін Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін, сонымен қатар 2016 жылға жоспарланған міндеттерді қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін, сонымен қатар 2016 жылға жоспарланған міндеттерді қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері 2015 жылы жауынгерлік-қызметтік міндеттерін адал атқарып, талай мәдени-қоғамдық, саяси іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ете білді. Атап айтар болсақ, күні кеше ғана өткізілген әнші Қайрат Нұртастың ән кешінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, өзара бірлескен жұмыстардың арқасында жуырда Іле ауданы Жетіген кентінен жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарованы Қапшағай маңынан ұландық әскери қызметшілер тауып, оны отбасына аман-есен тапсырған.

"Сонымен қатар, 2015 жылғы шілде-тамыз айларында Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жүріп өткен селдің салдарын жою үшін ұландық әскери қызметшілер кеңінен тартылды. Ұландықтардың арқасында төтенше жағдай аумағынан 160 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, елді мекендегі 800 метрге жуық аумақ, Ақсай шатқалындағы 2 таулы өзеннің 2 арнасы, 90-ға жуық жекеменшік үй-жай және 3 мектеп пен 1 балабақша қоқыстар мен балшықтардан тазартылды. Сондай-ақ сотталғандарды қадағалау, стратегиялық маңызды мемлекеттік нысандарды күзету мен құпия жүктерді бағыттап алып жүру бойынша да біршама міндеттер уақтылы және сапалы орындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Әскери кеңестің аяғында 2015 жылғы жауынгерлік-қызметтік міндеттерді үздік орындаған әскери бөлімдердің командирлері грамоталармен, медальдармен және ауысып отыратын кубокпен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer