Теміртауда мас бұзақылар Ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ұлттық ұлан сарбаздары. © Akorda.kz Ұлттық ұлан сарбаздары. © Akorda.kz

Қарағанды облысы Теміртау қаласында Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің жас сарбаздарына шабуыл жасады деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Теміртау қаласында Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің жас сарбаздарына шабуыл жасады деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Агенттіктің мәліметінше, жәбірленуші үш сарбаздың біреуі жамбас жарақатымен және аяқ сынығымен Теміртау орталық ауруханасына түскен.

"Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, сарбаздар көшеде мас күйде жүрген екі адамға ескерту жасаған. Осыдан кейін бұзақылар сарбаздарға шабуыл жасапты", - деп хабарланды.

Сонымен қатар, 5511 әскери бөлімінің кезекші бөлімі "ИФ-Қазақстан" агенттігіне үш адамнан тұратын әскери қызметшілер жасағына бұзақылардың шабуыл жасағанын растады. "Жәбірленген сарбаз ауруханаға жатқызылды. Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жергілікті екі тұрғынды ұстады. Олар кінәларын мойындады", - деді әскери бөлімнің өкілдері.

Айта кетейік, ұсталғандардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Оларға қатысты ҚР ҚК 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 488.44  course down  532.14  course down  5.66  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer