28 желтоқсан 2015 | 10:22

Сенат ҰҚК басшысын тағайындауға келісім берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Парламент ғимараты. © Tengrinews.kz Парламент ғимараты. © Tengrinews.kz

ҚР Сенаты жалпы отырыста Владимир Жұмақановты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сенаты жалпы отырыста Владимир Жұмақановты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин депутаттардан тағайындау туралы рұқсат сұрады. Депутаттар осы үміткерге дауыс берді. 

"Өткен аптада Мемлекет басшысының Өкімімен Нұртай Әбіқаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылып, Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған еді. Конституциялық талаптарға сәйкес, Президент ҰҚК төрағасын тағайындау үшін таныстыру өткізді. (...) Владимир Жұмақановты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындауға рұқсат берулеріңізді сұраймын", - деді Нығматулин.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бұл  әселені отырыста талқылағанын атап өтті. 

"Комитет мүшелері Нұртай Әбіқаевты Сенат депутаты болып тағайындалуымен құттықтайды. Халық Нұртай Әбіқаевты мемлекеттік қайраткер ретінде құрметтейді. Ол Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында көп іс жасады. Владимир Жұмақанов ҰҚК-ның жоғары деңгейдегі маманы, ол ұлттық қауіпсіздікті дамытуға зор үлес қосты. Жұмақановтың ҰҚК төрағалығына үміткерілігін қолдауды сұраймын", - деді халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Икрам Адырбеков. 

Сонымен қатар, депутаттар Нұртай Әбіқаевтың Сенат депутаты болып сайлануы мәселесін қарастырды. "Біз оны өте жақсы білеміз. Ол белгілі мемлекет қайраткері. 2007 жылы ол Сенат төрағасы болған. Оны Сенат депутаттығына қайта тағайындалуымен құттықтаймыз", - деді Тоқаев. Ол Әбіқаевтың Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінде жұмыс істеуге ниет білдіргенін атап өтті.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Владимир Жұмақановтың тағайындалуына қатысты пікірін білдірген болатын. "Ол - кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer