Назарбаев армияға әрдайым тас-түйін дайын және бес қаруы сай болуға кеңес берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес барысында елдің қорғаныс қабілетін және әскерлердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөніндегі Қарулы Күштер қызметінің 2015 жылғы қорытындылары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев армияның қазіргі заманғы әскери және террорлық қатерлердің алдын алу мен болдырмаудағы маңызды ролін атап өтті.

"Әрбір қазақстандық өз қауіпсіздігі туралы ойлай отырып, ең алдымен Қарулы Күштерімізге үміт артады. Сондықтан ешқайсыңыз мұны ұмытпауларыңыз керек. Сіздер өздеріңіз әрдайым тас-түйін дайын және бес қаруларыңыз да сай болғаны жөн. Мемлекет өз тарапынан армияға қажетті барлық жағдайды жасауға тиіс. Сіздердің міндеттеріңіз - офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелеу және сапалы деңгейде даярлау", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Жоғарғы Бас Қолбасшы Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қарулы қақтығыстардың жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру керегін, кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлық деңгейін ұдайы арттырып отыруға тиістігін айтты. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді 2016 жылғы дамытуға байланысты бірқатар міндет қойды және офицерлерді алдағы мерекемен құттықтап, басшылық құрамға жаңа қызметтік көлік кілттерін тапсырды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 488.44  course down  532.14  course down  5.66  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer