29 желтоқсан 2015 | 17:24

"Хабар" басшысы шетелдік арналардан жарнама көрсетуге тыйым салу туралы: Мәселені дабыраға айналдырған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Unionnews.ru © Unionnews.ru

"Хабар" агенттігі" АҚ төрағасы Айдос Үкібаев шетел арналарынан жарнама көрсетуге тыйым салу туралы пікірін айтты. Ол мәселенің дабыраға айналып кеткенін алға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Хабар" агенттігі" АҚ төрағасы Айдос Үкібаев шетел арналарынан жарнама көрсетуге тыйым салу туралы пікірін айтты. Ол мәселенің дабыраға айналып кеткенін алға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шын мәнінде біз ойлағадай үлкен өзгеріс болған жоқ. Тақырыпты өрбітіп жіберген. Мысалы мен өз елімнің азаматы ретінде елімізге тиесілі ақшаның осында қалғанын қалаймын. Мәселе басқада, біздің ақпарат кеңістігімізде басқа елдің ақпарат құралдарының өкілдері неліктен біздің ақшаны өздеріне алып кетеді? Бұл ақшалар не үшін желге ұшуы керек?", - деді Үкібаев тілшілердің сұрақтарына жауап беріп отырып.

Ол Қазақстан азаматы ретінде бұл ақшаның елімізде қалғанын қалайтынын жеткізді. "Мысалы, біз де, біздің әріптестеріміз де жарнама нарығында ақша тауып отыр. Әсіресе жекеменшік арналар бюджеттен қаражат алмайды. Олар бұл қаражатқа сапалы контент жасайды, телехикаялар, тарихи және биографиялық хикаялар түсіреді. Бұл өзгерістен ешкім зардап шекпейді. Осы қаражатқа біз көлік немесе жанармай сатып алар едік. Сосын алыс ауылдарға барып, қызықты кадрлар түсіруге мүмкіндік туады. Мәселе осында", - деді агенттіктің басшысы.

Ол шетелдік арналардың елімізде көрсетіле беретінін, тек жарнама беру жағына ғана өзгерістердің енгізілгенін айтты. "Сіздер елестетіп көріңіздер, мысалы көрші елге барып біз ақша табуға мүмкіндік бермей жатыр деп шу шығара аламыз. Депутаттар көрші елде түсірілген сюжеттерді аз көрсетуді немесе оларды Қазақстанда мүлде алып тастауды ұсынбайды. Тек жарнама беру жағынан шектеулер енгізілді. Шетел арналарынан жарнама көрсетуге ғана тыйым салынды", - деді Үкібаев.

Ол жаңа жылдан бастап жарнама берушілер көбейеді деп күтіп отырғанын жеткізді. "Мамандар есептеген 4 миллиард теңге біздің нарықта қалады деп күтіп отырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік арналардан жарнама көрсетуге тыйым салынды. Бұл бастаманы отандық телеарналардың басшылары қолдап отыр. Олар жарнама берушілердің көбі шетелдік, соның ішінде ресейлік телеарналарға жарнама беретіндерін алға тартты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer