30 желтоқсан 2015 | 20:34

Қазақстанда ресми түрде ұлттық идея пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұжырымдама ел Президенті Назарбаев ұсынған "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясына, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары - азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел сияқты басты қағидаттарға негізделеді. Сонымен қатар, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделеді. 

"Қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: "Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан". Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі", - делінген құжатта. 

Тұжырымдаманың мақсаттарының бірі - еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін мынадай жоспар құрылған: жалпыұлттық мерекелер күнтізбесін түзу; мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту; мәдени-туристік кластерлер мен этноауылдарды қалыптастыру жөнінде жекелеген өңірлердің табысты тәжірибесін одан әрі тарату; ҚХА қолдауымен қайырымдылық пен медиацияны, сондай-ақ қоғамдық бақылау институттары ретінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерін дамыту. 

"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын оқу бағдарламаларына енгізу жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

Үш тілде білім беруді енгізу мақсатында арнайы Жол картасы іске асырылатын болады, 2020 жылға дейінгі тілдерді қолдану мен дамыту, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жаңғыртылды, сондай-ақ үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шаралар жоспары іске асырылды. Қазақстандық құндылықтарды зерттеу жөніндегі жалпыұлттық орталық құрылатын болады.

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері: 2015 - 2025 жылдар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer