06 қаңтар 2016 | 11:25

Қазақстан СІМ Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қақтығысқа қатысты комментарий берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты комментарий берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты комментарий берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Таяу Шығыстағы болып жатқан үдерістерді жіті назарда ұстап, алаңдаушылықпен бақылап отыр.

"Әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төнген кезде және терроризмге қарсы жаһандық күресті ұлғайту қажеттігі жағдайында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасының арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісе түсуіне алаңдаушылық білдіреді", - делінген СІМ хабарламасында.

"Біз осы өңірдегі бізге достық қатынастағы бауырлас мемлекеттер - Сауд Арабиясы және Иранның басшылығын, сондай-ақ басқа да мемлекеттерді конфессияаралық шиеленістің әрі қарай өршіп кетпеуі үшін, келісімді қамтамасыз ету мен дипломатиялық қатынастарды қайта қалпына келтіру үшін саяси диалогты орнатуға және елдер арасында келіссөздер жүргізуге шақырамыз. Біз барлық тартылған тараптарды қауіпті деңгейден өтпеуге шақырамыз", - делінген мәтінде.

Қазақстан СІМ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасауға жол берілмеуі тиіс екенін, ал аккредиттеу елдері Вена конвенциясына сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті. "Осыған орай, Қазақстан қалыптасқан ахуалды шешудің бір ғана дұрыс жолы ретінде саяси шешім мен диалогты жақтайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы 4 қаңтар күні Иранмен арадағы дипломатиялық байланысты үзді. Оған арабтардың 47 адамды өлім жазасына кесуі түрткі болды, олардың лаңкестікке қатысы болған. Араларында "әл-Каида" көшбасшыларының бірі бар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer