Ауа райы: Таяу күндері 30 градусқа дейін аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Таяу күндері 30 градусқа дейін аяз болады © News.cn

Таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғады және батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғады және батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Қазақстанның орталық ауданындағы циклонға Қара теңізден арктикалық ауа келіп жетеді. Осыған байланысты түнгі ауа температурасы солтүстіктегі облыстарда 23-30 градусқа дейін төмендейді, ол нормадан 4-8 градусқа төмен", - деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен қатар, мамандардың мәліметтеріне сенсек, республиканың оңтүстік бөлігі белсенді фронтальдық зонаның ықпалында, сондықтан бұл өңірлерде жауын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. "Бірақ Жерорта теңізінен жылы әрі ылғалды ауаны алып келген оңтүстік-батыс ағымының әсерінен ауа температурасы нормадан әлі де 3-6 градусқа жоғары болады", - деді метеорологтар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер елімізде қаңтар айында ауа райының қандай болатынын айтқан еді. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети